ШҰҒЫЛ! БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖАҢА СҰРЫПТАРЫ СЫНАҚТАН ӨТТІ

20:38, 15 қыркүйек 2020

Облыстың басты байлығы – астық. Жылда өңір диқандары өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау механизмдерін, алғы шепті агротехнологияларды және озық елдердің тәжірибелерін қолданады. Биыл облыста дәнді және майлы дақылдардың сұрыптары мамыр айының соңынан сынақтан өткізіле бастады. Бүгінде агрономдар жұмыстарын қорытындылап жатыр.

Өсімдік шаруашылығында сапалы тұқымды пайдалану, өнімділікті еселеп арттырады. Өңірдің ауа райына төзімді дәнді дақылдарды екшеп алу үшін облыста сұрыптар мен гибридтер 7 мемлекеттік сынақ учаскісінде тәжірибеден өткізіледі. Олар өңірдің Шал ақын, Қызылжар, Есіл, Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында шоғырланған.   

ЕРМЕК МҰСТАФИН, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН СЫНАУ ЖӨНІНДЕГІ СҚО ИНСПЕКТУРАСЫ» ММ ЖЕТЕКШІСІ:

Жыл сайын бізге сынақтан өткізуге 300-ден 600-ге дейін сұрып түседі. Биыл 370-ін сынадық. Негізінен шетелдік селекциялы тұқымдар. Соңғы уақытта майлы дақылдар көптеп түсуде. Биыл олардың саны 96. Тең жартысы Германия, Франция, Украина, Ресей, Беларусь пен Канадан. 27 проценті қазақстандық сұрыптар.

Сергеев мемлекеттік сұрып учаскісінде дәнді дақылдардың 139 түрі сыналуда. Олардың қатарында жұмсақ және қатты бидай, арпа мен сұлы бар. Жаңа сұрыптар жақсы нәтиже көрсетті. Шетелдік сұрыптардың ішінде ең үздік көрсеткіші «Гадис» пен «Континентальда» болса, ал облыстың ауа райына бейімделген тұқымдар арасында көш басында «Омбылық 36» және «Астана 2» сұрыптары тұр.        

ҚАЙСАРБЕК ОСПАНОВ, СЕРГЕЕВ МЕМЛЕКЕТТІК СҰРЫП УЧАСКЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл өнімді мамырдың 25-сі күні септік.Агро уақыт жетіп қалды. Жуық арада орақ науқанына кірісеміз.

Биыл Есіл ауданында жасымық, қыша, жүгері, бұршақ, бидай және нұт сынды сұраптар сынақтан өтті. Бұл учаскіде барлық өнім заманауи селекциялық техника көмегімен себіліп, орылады.   

ДЕНИС ПОЗОЛОТИН, ЕСІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ДӘНДІ-ЖЕМАЗЫҚ УЧАСКЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Биыл біз 14 өсімдік түрін ектік. 300-ден астам сұрып сынағын өткіздік. Мамырдың 26-сы күні тиісті жұмыстарды аяқтадық. Ауа райының ыстығына қарамастан барлық сұрыптар жақсы нәтиже көрсетті. Енді жүгері, күнбағысты жинап алу қалды.

- Жұмыстарға заманауи селекциялық тұқым сепкішті қолданамыз. Орақ науқанында селекциялы комбайнның көмегіне жүгінеміз.

Өнімнің үлгілері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының зертханаларына жөнелтіледі. Кейін республикалық сарапшылар  өңірімізге жарамды тұқымдар жайлы ақпарат бермек.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
13:05, 22 қазан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
17:15, 16 қазан 2020
ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
20:37, 16 қазан 2020
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Толығырақ...