ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР АУЫЛДА

20:32, 11 шілде 2019

9 шілдеден бастап Парламент Мәжілісінің депуттары ел-елді аралап мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі орындалуын бақылауға алды. Нұр Отан партиясының 18 съезінде Елбасы тапсырған міндеттер қалай жүзеге асырылуда? Осыны білмек болған депутаттар жұмыс сапарымен өңірімізге ат басын тіреді. Олар М. Жұмабаев ауданына қарасты, Ноғайбай ауылында болып, халықпен тілдесті, елді мекен тұрғындарының тұрмысымен танысты.

Бүгінгі таңда өңірдегі ауылдардың әлеуеті артып келеді. Солардың бірі Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ноғайбай ауылы. Елді мекеннің гүлденуіне жергілікті меценат, «Ноғайбай» ЖШС директоры Алтынбек Сапаров елеулі үлес қосты. Кәсіпкер ауылында демалыс саябағын ашып, жастарға футбол және баскетбол, сондай-ақ жаттығу алаңдарын салып берген. Осылайша ол жыл сайын Ноғайбайдың дамуына, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға өз қалтасынан 50 млн. теңге қаражат бөледі. Одан бөлек мұнда мемлекеттік бағдарламалар да нәтижелі жүзеге асырылуда. Бүгін Парламент Мәжілісі депутаттары жұмыс сапарымен Ноғайбай ауылына келді.

КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бүгін міне Ноғайбай ауылындамыз бұл да бұрын кеңшардың бөлімшесі болған шағын ауыл болатын, соны осы елдің азаматы Алтынбек Сапаров серіктестік құрып өзінің туған ауылын көтеріп жатыр. Әр ауылда осындай Алтынбек сияқты азаматтар болса ауылдар тозбайды, сақталады өсіп өркендейді. Соған менің көзім жетіп отыр.

Биыл бұл ауылға оңтүстіктен 3 отбасы көшіп келеді деген жоспар бар. Оларға келе салысымен баспана берілмек. Ноғайбайға оңтүстіктен қоныс аударғандар баршылық. Солардың бірі Айнұр Базарбаева. Мемлекет тарапынан субсидия алған ерлі-зайыпты қазір «Ноғайбай» шаруа қожалығында еңбек етеді.

АЙНҰР БАЗАРБАЕВА, НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2017 жылы келдік біз. Бағдарлама бойынша балаға шағамен көшіп келдік. Бәрі жақсы балаларым оқиды мектепте.

Ауылда адамның жақсы тұрмысына керектің бәрі бар. Өткен жылы фельдшерлерлік орталық та ашылды. Медициналық пунктті жергілікті кәсіпкер Алтынбек Сапаров өз қаражатына салып беріпті. Мұнда күндізгі станционар жұмыс істейді. Ал дертіне шипа іздеп келген тұрғындарға 3 дәрігер ем дом жасайды.

АЙЖАН ЖАНДЕЛЬДИНОВА, ФЕЛЬДШЕР:

- Өңір тұрғындары осында келіп ем дом қабылдайды. Өзіміздің дәріханамыз бар. Дәрі-дәрмек іздеп аудан орталығына сабылудың қажеті жоқ. Ауылда 100 адам тұрады, оның 24 бала. Жабыдықтарымыз жаңа.

Ауыл халықы өседі деген үміт бар. Өйткені Ноғайбай болашағы жарқын елді мекендердің қатарында. Сондықтан жергілікті кәсіпкер ауылға қоныс аударғандарға бар жағдайды жасап, серіктестікке жұмысқа алады. Басты мақсат ауылды дамыту, көркейту, экономикалық әлеуетін арттыру.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...