ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ

13:04, 21 қаңтар 2020

Кеңес Одағының батыры, өңір тумасы, аға лейтенант Әбу Досмұхамбетовтың атындағы қор ашылмақ. Сонымен қатар, даңқты солдаттың сүйегі де туған топырағына әкелінбек. Бұл игі істерді ержүрек жауынгердің ұрпақтары іске асырмақшы.

Кеңес Одағының батыры Әбу Досмұхамбетов – 1920 жылдың 15 маусымында қазіргі Мамлют ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақыртылып, 1941 жылы кіші лейтенанттар курсын тәмамдаған соң 1942 жылы майданға аттанды. Ал, 1943 жылдың 5 қазанында Чернобыль қаласының маңында болған щайқаста көз жұмады.

Ол кезде жас сарбаз небәрі 23те болған. Артында тұяқ қалмаған Әбу атамыздың қарындастары мен інілерінің бала-шағасы нағашыларының ерлігін ешуақытта ұмытпайды.

СЕРҒАЛИ КІНӘЛБАЕВ,  Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ ЖИЕНІ:

-  Әбу Досмұхамбетов менің нағашым. Шешемнің туған ағасы. Нағашымның туып өскен жері осы Приишим деп аталады. Ендігі ойымыз, сол атамыздың зиратын еліне көшірсек пе екен. Енді, біз ол кісінің зиратын осында әкелейік дегеніміз ол мына кейіндегі жастар, балалар осындай батыр атамыздың болғанын білмейді. Соларға үлгі болу үшін. Олар тарихын ұмытпауы үшін.

Әбу Досмұхамбетов Припять үшін шайқаста қасындағы серігімен денелеріне мина байлап, танк астына түскен. Ержүрек батырлар ерлікпен қаза тапқан соң қаруластары денелерін жер қойнына тапсырған. Кейін 1966 жылы майдангерлердің сүйегі Чернобыль қаласындағы Батыр саябағындағы  Даңқ аллеясына қайта жерленді. Алайда, 1986 жылы Чернобыльде болған апаттан кейін зиратқа өту мүмкін болмай қалған. Сол себепті, Әбу атамыздың ұрпақтары  батырдың сүйегін елге алып келмекші.

СЕЙДІҒАПАР  МАМАДАЛИЕВ, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Чернобыльде авария болғаннан кейін, онда бару-келу немесе моласына қарап тұру ешқандай мүмкіншілік болмай қалды. Ол апаттан кейін 30 жыл өтті. Қазір ол жер мүлдем қараусыз қалды. Сол себепті атамыздың сүегін алыпк ету үшін Украинаның Сыртқы Минитсрлігінен рұқсат сұрап құжат жібердік. Олар қарсылық білдірмеді, керісінше барлық құжаттарды жинаңыздар деді.

Дәл осы мәселемен Әбу Досмұхамбетовтың күйеу баласымен жиендері өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болды. Облыс әкімі де қолдау көрсетуге уәде берген. Сонымен қатар, жақында Әбу Досмұхамбетов атындағы қор ашылмақ.

СЕЙДІҒАПАР  МАМАДАЛИЕВ, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Біз ойладық Үкіметтен ақша сұрамай-ақ өзіміздің мүмкіншілігіміз болса қор ашып, халықтан көмек сұраймыз деген ойымыз болды. Ол қордың барлық құжаттарың Әділет департаментінен тапсырдық. Олар қабылдап алды. Енді жақында шот ашып беретін болады.

Қорда жиналған қаражатқа жауынгердің сүйегі Украинадан қаламыздағы Жеңіс саябағындағы Даңқ аллеясына әкелінбек. Қазір Петропавлда жерлесіміздің есімі берілген білім ордасы бар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...