ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

22:20, 10 тамыз 2020

Облыста  егін орағы  ерте  басталды.  Қазіргі күні өңір диқандары ауа райын пайдаланып, ырыс дәнін бастыруда. Жалпы, биыл Солтүстік Қазақстанда 4 миллион 21 мың гектар алқапқа дәнді  майлы дақылдар егілді. Осы өңірдегі тілшіміз диқандармен кездесіп, егін ору барысымен танысып қайтты. 

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

Биыл Айыртау ауданында 400 мың гектарға жуық  алқапқа дәнді және амйлы дақылдр егілді. Биылғы жылдың ерекшелігі орақ науқаны ерте басталды. Агрономдардың айтуынша шығымы жақсы, мысалға мына алқаптағы бидайдың өнімділігі гектарынан 30 центнерге жетуі тиіс.

Диқандар алтын астықты   бастыруға кіріскен. Жалпы  шығымы жақсы, тек уақытында орып алу ғана қалды. Аудандағы  алқаптардың дені цифрландырылып, жаңа техногиялар енгізілуде.   

ЕДРЕС ЖАНАПИН, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір бидайдың шығымы жақсы. Биыл бидайды 14-15-тен аламыз деп отырмыз. Арпаныкі молырақ, орташа есеппен 16-17-ден болады. Ал майлы дақылдар 9-10-нан болады деп күтіп отырмыз. Қазір енді жаңа технологиялар, техникалар енгізіліп жатыр. Тек биыл ғана Айыртау ауданына 3 миллиардтан астам ақшаға техника сатып алынды.

Бектас Бекболатұлы  шаруашылықтың бас агрономы. Жыл сайын жаңа технологияларды енгізудің арқасында астықтың шығымдылығы да артып келеді дейді ол.


БЕКТАС БЕКБОЛАТҰЛЫ, БАС АГРОНОМ:

Көктем ерте басталды ғой. Ерте ектік. Қазір мына масақтардан санасақ,  20-22  дәннен бар. орташа 20 центнерден болады деп отырмыз.

Арық айтып, семіз шығуды қалайтын диқандардың басты мақсаты, жауын мен қарға ұрындырмай астықты уақытында орып алу.   Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Қуатты техника мен  жанар-жағармай   жеткілікті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...