ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ

20:36, 16 шілде 2019

Петропавлда ауылды жерлерде тұратын бизнесвумендар үшін семинар өтті. Шараны  Кәсіпкерлер Палатасы жанындағы іске әйелдер Кеңесі ұйымдастырып отыр. 

Семинар «Ауылды аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы»  жобасының аясында өткізілді. Жиында бизнес негіздерінің мәселелері мен қаржыландыру көздері туралы айтылды. Жаттықтырушы Шолпан Түсіпбекованың айтуынша, кәсіпкер  ең әуелі көшбасшы болып келеді. Ол маңызды шешімдерді қабылдап, бұл шешімдері үшін жауапты болуы тиіс.  

ШОЛПАН ТҮСІПБЕКОВА, СЕМИНАРДЫҢ  БИЗНЕС- ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Маңғыстау облысынан келдім. Бүгін жиналғандарға айтатынымыз, кез келген бизнес ең алдымен қоғамға пайда әкелуі керек. Бұл өте маңызды. Бұл кәсіпкерліктің негізі. бизнесті осындай негізді қолдана отырып, жүргізген жағдайда іс алға басады.

Әйгерім Қазымбетова  - кәсіпкер. Өз ісін 3 жыл бұрын Бурабайда SUB-серфингті жалға беру станциясынан бастаған. Кейін менталды арифметика мектебі мен Ақжар ауданында дүкендер желісін ашқан. Бүгінгі семинар кәсіпкерлік саласында одан әрі жетілуіне көмектесетініне сенімді.  

ӘЙГЕРІМ ҚАЗЫМБЕТОВА, КӘСІПКЕР:

Мен  мемлекеттік мекемеде 8 жыл істедім. Мамандығым бухгалтер-экономист. Бизнеске аяқ басқанда еш тәжірибем, болған жоқ.  Әрине қателерім көп болды. Жұмысымды дұрыс ұйымдастыра алмадым. Қазір мұндай семинарлар енді бастап жатқандарға, тіпті тәжірибесі барларға да үлкен көмек береді.  

Шараға  Азиялық даму банкінің  өкілі де қатысты. Оның сөзінше, бұл Қазақстан аумағында ұйымдасытырылып жатқан осындай 6-шы кездесу.

РАФАЭЛЬ АКУИНО,  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІНІҢ  ӨКІЛІ:

- «Атамекеннің » қолдауымен  біз кәсіпкерлікті дамытуды жоспарладық.  Бұл бағытта  кәсіпкерліктегі әйелдердің рөлін арттырып, жергілікті экономиканы көтереміз. Әйелдерді саланың қыр-сырымен таныстырып, оқытады. Маркетингке, стратегиялық жоспарлауға үйретеді.  

Шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 40 әйел қатысты. Семинар екі күнге жалғасып, кейін спикерлер өз миссияларымен еліміздің өзге қалаларына аттанады.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...