ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЕКІ ЕЛДІҢ АҚЫНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

17:53, 14 мамыр 2019

Облыстық С.Мұқанов атындағы ғылыми – әмбебап кітапханада Көршілес Қорған облысының ақындары мен жергілікті қаламгерлер бас қосты. Ресейлік делегациясының Қызылжар топырағына табан тіреуінің себебі СҚО мен Зауралье халықтар ассаблеясының өзара ынтымақтастық аясындағы арнайы акциясы. Кездесу барысында екі жақтың ақын жазушылары әдебиет пен қоғам тақырыбындағы өзекті мәселелерді талқылап, өздерінің шығармаларын оқып, тәжірибе алмасты.

Қорған жазушылар одағының құрамында 30 ақын бар. Олар әдебиет төңірегінде ғана қалам тербеп қоймай,  бірнеше газет – журналдар да шығарады екен. Қонақтардың сөзінше оларға жаңа шығармиашыл адамдар қажет. Өйткені қазіргі заманның жастарын заманауи тың идеялармен ғана әдебиет әлеміне тарту керек.

СЕРГЕЙ КОКОРИН, ҚОРҒАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, РФ:

- Қазіргі таңда әдебиетпен, музыкамен айналысқысы келетін жастар көп. Бірақ сол жастардың көңілінен шығатын, бабын табадан мамандар жетіспейді. Барлық жағдай жасалған. Дегенмен білікті кадрлар керек. Осы мәселені көтеріп отырмыз.

Солтүстікқазақстандық жазушылар одағына келер болсақ оның құрамында да тура 30 адам бар. Олардың әрқайсысы өте белсенді ақын, жазушылар. Түрлі әдеби кештер қатысып, газет – журналдарға өз мақалаларын беріп, экраннан да жиі көрініп жүреді. Солардың бірі Кирилл Филонов. Ол өзі публицист повесттер мен түрлі әңгімелер жазады. Қаламгердің былтыр ғана «Близкие людий атты кітабы жарық көрді,

КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, М. АВЕРИНА АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Облыстық С.Мұқанов кітапханасы әдеби бірлестіктермен бірлесе отырып өңіраралық достықты нығайтуға бағытталған телекөпірлер өткізіп тұрады. Мысалы Омбы, Түмен, Қоған облыстарымен. Оған қоса көршілермен бірге көптеген ортақ жобалардың тұсауын кестік. 

Бас қосуда екі жақтың ақындары әдебиет пен қоғам тақырыбындағы өзекті мәселелерді талқылап, өздерінің шығармаларын оқып, тәжірибе алмасты. Қаламгерлердің ендігі көздегіні екі жақты мәдени қарым – қатынасты барынша нығайту.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар