ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӘКІМШІЛІК ЖАЗА КЕСІЛДІ

20:35, 17 шілде 2019

Облыс полицейлері Республика аумағына заңсыз келгендерді анықтап жатыр.  Шілденің 16-нан жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі басталды. Тәртіпсақшылардың жұмыс нәтижесі қандай? Бейнематериалда толығырақ.  

Жедел-алдын алу шарасы аясында полицейлер транзиттік ағынды тексеріп, шетелдіктер арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтайды. Қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді. Шетелдіктерді тексеруге бағытталған рейдтік шаралар Петропавл қаласында ғана емес облыстағы барлық аудандарында да өткізіліп жатыр. Осылайша, бірінші күннің қорытындысы бойынша ҚР аумағында болу ережесін сақтамаған 128 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

СӘБИТ ЖҮСІПОВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Нелегал республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Басты мақсаттары мен міндетері көші-қон заңнамасының бұзушылықтарые және заңсыз келген шетелдіктерді анықтау болып табылады. Осы іс-шараға байланысты көші-қон қызметкерлерімен әкімшілік құқықты бұзған 1988 жылы туған Өзбекістан республикасның азаматы заңсыз ҚР шекарасының пунтін айналып өткендігі анықталып отыр. Бұл азамат бұрын сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылған болатын.

Кейін анықталғандай заңды бұзған шетел азаматы Петропавл қаласына еліміздің оңтүстік өңірінен бірнеше күн бұрын келген. Қазақстанда болу ережелерін сақтамаған ол 2016 жылы сот қаулысына сәйкес ел аумағынан шығару шешімі болғанына қарамастан елімізде жұмысқа орналаспақшы болған.  

- Вчера приехал сюда, в Петропавловск. Меня остановила миграционная полиция. Документы.

Нәтижесінде, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 392 «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» бабына сәйкес тергеу басталды. Енді заң бұзушыны ел аумағынан шығаруы мүмкін. жыл басынан облыстық көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері елде тұру ережесін бұзған 1217 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың 51-і елден шығарылса, 9-ның  ісі азаматтық сотта қаралуда. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 56 жұмыс берушіге 9 миллион 701 мың 908 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда олардың 100% өндіріліп алынды. «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі 19 шілдеге дейін жалғасады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...