ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БІР КҮНІ

18:56, 8 тамыз 2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға не болмаса жалғыз басты қарияларға күтім жасау оңай шаруа емес. 2004 жылдан бері әлеуметтік қызметкерлер осындай жандарға өздерінің көмек қолдарын созуда.Қызылжар ауданында осы салада қазіргі уақытта 92 адам жұмыс істейді. Олар жұмысқа қалай орналасады, жалақы қандай мөлшерде төленеді? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін арнамыздың түсірілім тобы әлеуметтік қызметкердің бір жұмыс күнімен танысып келді.

Индира Сапарованың мамандығы - ұстаз , 2016 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып еңбек етіп жүр.  Қазіргі уақытта Бескөл ауылында  мүмкіндігі шектеулі 4 жанға көмек көрсетеді. Солардың 3-і кәмелеттік жасқа толмаған бала болса, біреуі Михайленко отбасының 33 жасар қызы Валентина.Екеуміздің жас шамамыз алыс кеткен жоқ, сол себепті құрбылар секілдіміз, бір-бірімізді көзқарас, қимыл арқылы түсінеміз дейді Индира.Ол науқастың денесін уқалап,  онымен бірге түрлі ойындар ойнайды, сурет салады, музыка тыңдайды, түрлі мерекелік шараларға қатысады.Көбіне түстерді және өлеңдерді Валяның өзі таңдайды.

ИНДИРА САПАРОВА – ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

- Мен 2016 жылдан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде жұмыс жасаймын. Әлеуметтік қызметкер болып.Валентинаға 2 жыл болды барып жүргеніме. Валентинаның диагнозы кішкентай кезінен мүгедек. Тірек қозғалтқыш аппараты бұзылған. Біз Валентинамен апликация, поделка жасаймыз. Ұнайды. Қазір мен үйрендім балаларға. Өздері мені көргенде жақсы қарсы алады. Көңілдері көтеріліп.

Индира Сапарова даун, аутизм секілді ауруларға шалдыққан балалармен жұмыс істейтіндіктен  әрқайсысымен тіл табыса алу қажет дейді.Ол аптасына екі рет, екі сағаттан, кестеге сәйкес әр баламен ойнап, олардың ата-аналарына көмектеседі. Индираның жалақысы айына 60 мың теңге ғана болса да, ол бұл жұмыстан ләззат алады, себебі игі іс жасайды.Валентинаның анасы Зинаида Александровна әлеуметтік қызметкердің жұмысына дән риза.

ЗИНАИДА МИХАЙЛЕНКО – ВАЛЕНТИНАНЫҢ АНАСЫ

Индираның біздің үйге келіп жүргеніне 2 жыл болды.Басында әрине бір-бірін түсіне алмай қналған еді. Алайда уақыт өтісімен екеуі достасып алды. Мен екеуін қалдырып өз жұмыстарымды істей аламын. Тіпті бір жаққа қонаққа шақырғанда да Валяны Индирамен қалдырып кете аламын. Индираға айтар алғысым шексіз.Себебі қызым ДЦП-мен ауырады, ал Индира оған жылы қарайды.

Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары әр әлеуметтік қызметкерді жұмысқа алмас бұрын онымен сұхбаттасып, оның қандай адам екенін тануға тырысады.Себебі мүгедекке және қарияларға қарайласу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ең басты талап дені сау, ешқандай психикалық ауытқулары жоқ, бұрын сотталмаған болуы тиіс.

ҚЫМБАТ БОРАНБАЕВА –ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ

- Қазіргі таңда 4 бөлімшеде 92 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Біліктілік талаптары бойынша олар медициналық, педагогикалық, психологиялық мамандықтар бойынша әлеуметтік жұмыс істей алады. Жалақылары еңбек өтіліне байланысты. Білімдеріне байланысты. Жұмыс тәртіптері аптасына 2 рет, 2 сағаттан барып отырады.

Өзгеге көмек көрсетіп, қол ұшын созу әркімнің қолынан келе бермейтін ерлік десек қателеспейміз. Сол себепті осындай жұмысқа орналасып, өз міндетін адал атқару тек жаны жайсаң, мейірімді адамға тән қасиет. Қызылжар ауданында қазіргі уақытта 416 азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Соның ішінде: 363-і қарттар, 3-і мүмкіндігі шектеулі жан, психоневрологиялық аурумен ауыратын 22 балаға, тірек қозғалтқыш аппараты бұзылған 11 балаға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 17 тұлғаға көмек көрсетіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...