ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

20:40, 6 қараша 2019

Бүгінгі күні облыста 27 мыңнан астам  мүгедек тұрады. Осы жандардың ыңғайлылығы үшін келер жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылмақ.  Ол жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері электронды көрсетілетін болады.

Бүгінгі күні облыстағы емдеу мекемелеріндегі ұзын сонар кезек пен мүгедек жандарды оңалтуға арналған құралдардың уақытылы келмеуі үлкен мәселеге айналған. Мамандардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы мемлекеттік тапсырыппен алынатын арбалардың жіберілу уақыты  8 айға дейін кешеуілдейді екен. Осы мәселелердің алдын алу үшін аталмыш портал іске қосылмақ. Ол жерден кез келген емделуші үйінен шықпай-ақ оңалту құралдарын жеткізетін компаниялармен тікелей байланысқа шығып, сапалы әрі жылдам қызмет түрін онлайн таңдай алады. Әлеуметтік қызмет порталы әзірге еліміздің тек Ақтөбе қаласында ғана сыналуда. 2020 жылдан бастап барлық облыстарда іске қосылады деп жоспарланған.

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазір мемлекеттік тапсырыс беру арқылы алынатын арбалар талапқа сай келмейді. Және жеткізу уақыты өте ұзаққа созылады. Оның бірден-бір себебі, жеткізушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы. Осы портал арқылы мүгедек жандар үйден шықпай-ақ электронды түрде өзіне керекті оңалту құралына тапсырыс береді. Және басқа да қызмет түрлерін таңдай алады. Осы арқылы олардың жағдайын жеңілдету көзделіп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...