ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙҒА 175 ЖЫЛ: ТОЙЛАУ РЕСМИ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

13:15, 11 қыркүйек 2019

Петропавл тұрғыны "THE DOLL" атты музыкалық клипін жарыққа шығарды. Туынды авторы және орындаушысы Ксения Шембергер осылайша әйелдердерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылығын білдіріпті.  7 жыл бойы әзірленген идеяны психологтар, Н:Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актерлері қолдаған екен.

Ресми емес статистика бойынша Қазақстандағы әрбір 10шы әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Көпшілігі мұны құпия сақтайды.  Бірақ, клип авторы іштен тынбау керек дейді. Әрдайым жағдайдан шығатын жол іздеу қажет. Ксения колледжде еңбек етеді. Әлеуметтік жобаны дүниеге әкелу үшін бірнеше жылды сарп еткен. Тіпті музыцкалық шығарманың кей тұстары автордың өз басынан өткен екен.

КСЕНИЯ ШЕМБЕРГЕР, "THE DOLL" ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

- Клиптің негізгі идеясы-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылықты білдіру. Өйткені Мен де өмірде осындай жағдайға тап болдым және бұл қаншалықты қорқынышты жәнебастан кешіру   қиын екенін  білемін. Ең басты идея, әйелдер өзіне деген сенімдерін жоғалтпау керек. Тұйықталмай, мәселені айту қажет. Сол кезде ғана көмек қолын соза аламыз.  

Психолог Павел Моисеевтің айтуынша, әлеуметтік мәселелерді көтеретін осындай роликтер аз. Жаңа музыкалық туынды халық арасында тарауы тиіс.

ПАВЕЛ МОИСЕЕВ ПСИХОЛОГ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Өнер тілі Әмбебап. біреу эстетик, біреу визуал, біреу аудиал, әркім осы клипте өзіне керегін  алады.  Және бұл музыкалық туындының қызықты сахналық қойылымы бар болғандықтан, мәтіні жеңіл. Менің ойымша  Ксения  бұл композицияны кәсіби орындаа шықты.  Ол кез-келген үшін түсінікті болады. 

Зорлық-зомбылық мәселесі дамушы елдерде аса өзекті, бірақ өкінішке орай, зардап шеккендердің көбі психологиялық қызметке жүгінуге дайын емес. Олар сот әділдігіне сенбейді немесе жұртқа жария етуді ұят санап, іштей тынады.  Мамандардың айтуынша, адамдардың бұл мәселеге деген көзқарасын өзгерту қажет.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МҰРАЖАЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ
17:56, 22 қаңтар 2020
МҰРАЖАЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
17:52, 17 қаңтар 2020
2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫ...
Толығырақ...
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...