ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20:42, 8 қазан 2019

Өңірдегі таланатты жастардың  әлеуметтік жобалары бүгінгі күні елге танымал. Мәселен, былтыр республика бойынша Солтүстікқазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылды. Дәл осы жоба авторлары облыстық үздік әлеуметтік жоба сайысында жеңіске жетіп, енді республикалық кезеңде бақ сынамақ. Үздіктер кім? Және республикаға қандай әлеуметтік жоба таныстырылмақ? Келесі бейнематериалда 

Петропавл қаласында 1800-ге жуық мүгедек болса, олардың 800-ден астамының тірек-қимыл жүйесінде ақау бар. Дәл осы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жерлесіміз Сәлімхан Сәбитов «Тең жол» автомектебін ашты. Енді олар да көлік мініп, жүргізуші куәлігін ала алады. Мыңдаған адамның арманы 6 млн теңгеге орындалды. Ашылғанына бір жыл болған автомектептің  4 түлегі биыл жүргізуші куәлігіне ие болды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА АВТОРЫ:

Шебердің қолы ортақ- деген ұстаныммен жүретін келесі жоба авторы - Оксана Яркова .Ол жаңа туылған нәрестелерге арналған киімдер мен  көрпе, түрлі ойыншықтар тігеді. Оның мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолөнерді үйрету.

ОКСАНА ЯРКОВА, ЖОБА АВТОРЫ:

- Мен осы жобам арқылы мүгедек жандарға қолөнерді үйреткім келеді.  Яғни олардың да қолынан іс келетінін дәлелдеймін.Өйткені олар көбіне қоғамға тез сіңісіп кете алмайды.  Егер меннен осындай тігін тігуді үйреніп, өз бизнестерін ашып жатса өте қуанышты болар едім.

Тағы бірегей әлеуметтік жобалардың бірі - "Шекарасыз Робототехника" деп аталады . Авторы Иван Бурковский. Тайынша ауданының психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі. Сабақта робототехниканы қолдана отырып, ақыл-ойында кемістігі бар балаларды заман талабына сай тәрбиелеуді көздеген.

ИВАН БУРКОВСКИЙ,  «ШЕКАРАСЫЗ РОБОТОТЕХНИКА» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

- Роботтардың қарапайым бөліктерін жинаудан бастаймыз. Біртіндеп балалардың креативті ойлау қабілеті дами бастайды. Зейіндерін бір іске шоғырландырып, өз бойларында шыдамдылық қасиеттерін де дамытады. Уақыт өте келе бағдарламалауды да үйрене бастаймыз.

Жоба авторының айтуынша, балалардың дағдылары мен мінез-құлқында айтарлықтай өзгерістер бар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар