ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

17:58, 16 қаңтар 2020

Биыл елімізде 10 жылда бір  рет болатын ұлттық  халық санағы  өтеді. Бұл жауапты науқан қазан айына жоспарланып отыр. Соңғы рет мұндай санақ 2009 жылы өткізілген. Статистика департаменінің мәліметінше,10 жыл бұрын  СҚО  халқын 596536 адам құраған екен.  

Статистика департаменті ұлттық халық санағына дайындықты бастап та кетті. Қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атаулары мен үй, пәтер нөмірлерін ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараға 1000нан астам адам жұмылдырылмақшы. Биылғы жаңашылдық - санақ жүргізетін мамандар планшеттермен жүріп, ақпартты бірден мәлімет базасына жолдап отырады. 10 жылда бір рет өткізілетін ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, маусым айының 1 мен 30 аралығында жауапты қызметкерлер үй-үйді аралап, тіркесе, қазан айында онлайн есеп жүргізіледі.Мамандардың айтуынша, биыл жаңа электронды жүйе енгізілгендіктен, шығын әдеттегіден аз болады.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Халық  санағы биыл электронды түрде жүргізіледі. Біз арнайы «sanaq2020» деген интернет-портал ашамыз.Ол тәулік бойы жұмыс істеп тұрады.  Сол арқылы тұрғындар өздерінің мәліметтерін интернет арқылы жолдай алады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Тұрғындар өздерінің ЖСН мен жеке куәліктерінің және ұялы телефондарының  нөмірін жазып енгізеді. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...