ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

13:01, 21 қазан 2019

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында СҚО ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Астаналықтарға тауардың жүзден астам түрі ұсынылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірден жеткізілгін 700-ден астам тонна өнімнің бәрі сатылды. Арна тілшісі жалғастырсын. 

Экологиялық таза, әрі сапасы жоғары өнім. Жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне  облыс 700 аса тоннадан тауар жеткізді. Жәрмеңкеге 100-ден аса кәсіпкер сүттен бастап, тәтті балға дейін ұсынды. Астаналықтардың сары май, макарон өнімдері мен етке сұранысы жоғары болды.  Ал бағалары болса дүкендерде көрсетілген бағалардан әлдеқайда төмен. Мәселен, сиыр еті 1600 тг, шошқа еті 1400, ал көкөністердің бір келісі 70 тг-ге сатылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Барлық өнімдердің бағасы төмен. орташа алғанда 20-25% арзан. Сондықтан, көріп тұрғандарыңыздай кезекте үлкен. Ауа райы биыл қолайсыз болғанымен, жақсы өнім жинай алдық. астана тұрғындарымен бөлісуге келіп отырмыз. 

Жәрмеңкеде өте үлкен сұранысқа ие болған тағы бір тауар - бал. Мамлют ауданының тұрғыны Александр Шлегель омарташылықпен 5 жылдан астам уақыт айналысса,  Нұр-сұлтанда өтетін жәрмеңкеге екі жыл қатарынан қатысып келеді. Сатып алушылар үшін тауардың табиғи таза өнім болуы басты критерилердің бірі. Оған қоса, бағасы да қолжетімді. 1 кг бал – 1500-1600 тг тұрады.

АЛЕКСАНДР ШЛЕГЕЛЬ, САТУШЫ:

- Өзімізбен бірге 1т бал әкелдік. Жәрмеңкеге үш күн дайындалдық. Әдейлеп,ара ұяшықтарын ашып,  сұйық балды құйып алдық.

Жәрмеңке сағат таңғы 9 басталғанымен, таң атысымен жәрмеңкеге ағылған Нұрсұлтандықтардың қарасы қалың болды. Үлкен кезектер құрылып, әрқайсысы өзіне қажеттісін сатып алғысы келді.

- Өнімдер керемет, сондықтан солтүстіктің жәрмекесін асыға күтеміз. Сонымен қатар бағасы да төмен, тауар арзан болмаса таңата кезекте тұрмас едім.

- Бұл жәрмеңкені көптен күттім. Өзім СҚО тумасымн. Сондықтан, тек жерлестерімнің тауарын сатып алғым келеді.  

- Телидадардан жәрмеңке болады деп естідім. Бірден осында келдік. Бал өте дәмді, бірден сатып алдым.

Биыл алғашқы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ел астанасы күніне орай ұйымдастырылыпты. Кейін  әр демалыс күндері өткізілп келді. Республиканың барлық өңірлері қатысқан 30 аса жәрмеңке өтті. Осы аралықта 7000 т өнім сатылған.

АЛТАЙ КҮЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жәрмеңке өткізу игі дәрстүрге айналды. Алдағы уақытта, 1, 16 желтоқсан мерекелері қарсаңында ұйымдастырамыз. Барлығы қала тұрғындары  мен қонақтары үшін өткзіліп жатыр. Халық   бұны біледі,келушілердің қарасы қалың.

Сонымен қатар, Елорда тұрғындары мен қонақтарына облыстың таңдаулы өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды. 

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...