ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЕҢ АЛЫС АУДАНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

20:38, 21 мамыр 2020

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобасы аясында өңірдің ең шалғай Уәлиханов ауданы орталығы – Кішкенекөл ауылында «Ашық әкімдік» фронт офисі жұмысын бастады.  Басты мақсат халыққа қолжетімді қызмет көсрету , азаматтардың өтініштерін бір терезе принципі бойынша қабылдау. Аудандық әкімдік ғимаратында орналақан фронт офисте бір мезгілде 5 бөлімнің маманы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да бар. 

Кішкенекөлде іске қосылған  «Ашық әкімдіктің» жұмысымен  облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығметов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Ернар Баянғазин танысты.  Орталық тегін Wi-fi-мен жабдықталған, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы мен азаматтарды қабылдау орны бар. Алдағы уақытта мүгедектерге қолайлы жағдай жасап, бейнекамера мен дыбыс жазу құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр. аудан әкімі Медет Оспановтың айтуынша,  Ашық әкімдікте 40-тан астам түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады.

2019 жылдан бастап аудандар мен қалаларда 8 сервистік әкімдік ашылды, бұл 60% құрайды. Жыл соңына дейін барлық аудан әкімдіктерінде аталмыш жобаны жүзеге асыру жоспарда тұр.  Бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді. Себебі, бірнеше жоба іске қосылған. Оның ішінде  «Ашық бюджет» жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар барлық құжат айналымын электрондық форматқа ауыстыруда. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендетуге және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге   мүмкіндік береді.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ауданда ашылған бүгінгі ашық әкімдікте бір мезіглде 5 бөлімнің маманы азаматтарды қабылдайды. Одан қалды , аудан әкімі мен орынбасраларының да қабылдау кабинеттері екінші қабаттан төменге көшіріліпті.

ДАНАГҮЛ МҰҚАРОВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТІҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

Орталық жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары өз бағасын берді. Оның пікірінше мұндай жобалар халық пен атқарушы билік органдары арасында көпір іспетті.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алда енді дәл осындай ашық әкімдік жобалары ауылдық округтерде ашылуы тиіс. Сонымен қатар, ауданға барған қонақтар халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен де танысты.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:49, 4 маусым 2020
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар