ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

«ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР»

17:58, 10 қыркүйек 2019

11 қыркүйек Петропавлда Іскер әйелдер қауымдастығының «Еңбегі жанған арулар»  атты республикалық форумы өтеді. Оған еліміздің түпкір түпкірінен 200-ге жуық түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер, өңіріміздегі мемлекеттік мекеме мен басқарма басшылары қатыспақ.

Маңызды жиынға қатысушылар бүгін Петропавлға республиканың әр аймағынан келіп жатыр. Оларды облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Бақытжан Сәмиева бастаған топ теміржол вокзалынан қарсы алды. Айта кеткен жөн аталмыш форум тамыздың 21 күні Ақтау қаласында бастау алған болатын. Енді Қызылжарға кезек жетті. Шарада әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың істеп жатқан жұмыстарының нәтижелері сынды тақырыптар талқыланып, осыған дейін атқарылған шаруалар қорытындыланады.

БАҚЫТЖАН СӘМИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл форум біздің 25 – жылдығымызға арналған. 2020 жылы 25 – жыл болады бізге. Бұл келген азаматтар өзінің дәстүрін, өзінің өмірін айтады. Біздің қыздар да оны айтады. Содан соң меморандумға қол қояды. Содан кейін қызметтерін бірге қолдап аша ма, бизнесін дамыту үшін бір – біріне көмектесе ме деген ойымыз бар.

ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл форумның біз үшін маңызы ерек. Осындай шаралардың арқасында қоғамға әйелдің істеп жатқан қызметін, еліміздің, оның ішінде түрлі салаларды дамытуға қосып жатқан үлестерін көрсету. Елбасымыз айтқандай ер адамдармен тең құқылы болуға қадам жасау керек. Ол үшін осы сынды үлкен жиындарды өткізіп тұру қажет деп ойлаймын. Одан бөлек аталмыш форум аясында аймақтық іскер әйелдер қауымдастықтары өзара меморандумдар қабылдамақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар