ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ЕҢБЕК ЖОЛЫН АУЫЛДАН БАСТАУ КЕРЕК

21:09, 6 мамыр 2019

Ғ.Мүсірепов ауданы Нежинка ауылындағы медициналық пунктте 11 медициналық маман қызмет атқарады.

Яғни, бір дәрігер мен 10 мейірбике жұмыс істейді. Бұл облыс көлеміндегі  білікті мамандар көп шоғырланған ауылдардың бірі. Халық саны өзге елді-мекендерге қарағанда айтарлықтай көп, екі жарым мың тұрғынның 35-і бір жасқа дейінгі сәбилер болса, тағы 22 жүкті әйел тіркеуде тұр. Күндізгі стационарға жатқызылған науқастар ем-домын алысқа бармай-ақ, ала береді. 2009 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша оңтүстіктен келген Ербол Сейілханов оқуын аяқтап жатқан жастарды солтүстіктегі ауылдардан бастауға кеңес береді.

ЕРБОЛ СЕЙІЛХАНОВ, НЕЖИНКА-ЕРКЕ АУЫЛЫНЫҢ ФАП ДӘРІГЕРІ:

- Өзім ауылдың баласы болған соң ауылға келдік, ауылдың кісілерін емдеуге, дәрігер болып жатқан жастарға айтарымыз, келсін СҚО жақсы көмектер жасалынады, үй жағы қамтамасыз етіледі, ақша жағы жақсы, жұмыс жаман емес, жұмыс істеймін деген дәрігерлер болса.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар