ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІГЕ 24 ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛГЕН

17:53, 14 ақпан 2020

Өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасында облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті өткен жылы атқарған қызметінің қорытындысы туралы есеп берді. 2019 жылы энергетика саласындағы нормативтік-құқықтық актіге 24 өзгеріс енгізілген. Осы аралықта ведомство 30-дан аса өтініш қабылдаған.

Мәселен, «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ тарапынан заңды және жеке тұлғалардың  кабельдік  желілерді үзуі, күзетілетін аймақтарда келісімсіз жұмыс жүргізу  жағдайлары   туралы   өтініштер жиілеп кеткен. Осыған байланысты жоспардан тыс 10 тексеріс  жүргізіліп, 10 ұйым  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Айыппұлдың  жалпы сомасы 1 млн 622 мың теңгені құрады.  

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, АУМАҚТЫҚ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛУ МЕН БАҚЫЛАУ   ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Негізінен бұл электр энергиясын пайдалану ережелеріндегі өзгерістер. Тұтынушылар үшін жеңілдік пайдалану ережелерінде өзгеріс болды, бұл  Doing Business жобасы аясында электрмен жұмысқа қосылу оңай болу үшін жасалған. Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері біршама жеңілдетілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...