ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ЭПИДЕМИОЛОГ МАМАНДАР СОТ ҒИМАРАТЫН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРДЫ

13:03, 19 наурыз 2020

Елдегі індетке байланысты облыстық соттың жұмыс бөлмелері мен дәліздерді зарарсыздандырылды. Арнайы қорғаныш костюм киген эпидемиолог мамандар ғимаратты аптасына бір рет дезинфекциялайтын болады.

Бұл ең алдымен сот ғимаратына келушілердің және ол жерде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Әсіресе бірінші қабатта орналасқан кеңсе бөлімі жіті тазартылды. Мамандар келушілерді маскамен және қолғаппен қарсы алады. Барлық түскен құжаттар да тазартудан өткізіледі. Сонымен қатар, кіреберісте антисептик орнатылған. Мұндай сақтық шаралары облыстағы барлық сот ғимараттарында жүргізілмек.

ГҮЛЗИЯ ЕДІРЕСОВА, СҚО СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Елімізде ТЖ енгізілгенін ескеріп солтүстік қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі келесі шараларды қабылдауда. Жоғары сот жергілікті сот ғимараттарын зарарсыздандыру қажет деп шешті.  Біз де өз тарапымыздан сақтық шараларын қолданып жатырмыз. Ең алдымен біз әрине халықты қабылдауды тоқтаттық. Егер де жерлестеріміздің қандай да бір шұғыл сұрақтары болмаса қашықтықтан байланысқа шыға алады. Эпидемиолог мамандар бізге аптасына бір рет келеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өзіміздің мамандарымыздың да қашықтықтан жұмыс істеу туралы мәселе қаралып жатыр.

Бұдан басқа процестік мерзімдері жетпеген сот істерін қарау кейінге шегерілді. Ал сот процестерін ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан жүргізу ұсынылды. Республиканың барлық соттарында азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады. Сонымен қатар судьялар мен сот қызметкерлерінің түрлі жиындарға қатысуы шектелді.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...