ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР-ЗАҢГЕРЛЕР ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

13:03, 10 ақпан 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп бекітті. Осыған орай облыстық әділет департаменті «Еріктілік-өмір стилі» тақырыбында жиын өткізіп, еріктілер-заңгерлер штабын құрды. Қазіргі таңда еріктілер қозғалысына 150-ден астам адам кірген. Олар жыл аясында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін консультативтік көмек көрсететін болады. Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Соңғы жылдары елімізде волонтерлік іс қарқын алды. Облыстық әділет департаменті де ерікті-заңгерлер штабын құрып, іс-шара барысында жеке заңгерлер, сот орындаушылар, адвокаттар өз қызметтері туралы айтып, студенттерді өз ведомстваларына шақырды.

АСАН МӘТКӘРІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Осы волонтерлік штаб заңгеріне жеке сот орындаушылар палатасының атынан 20 сот орындаушы өз еркімен осыған қатысып отыр. Штабтың басты мақсаты ол құқықтық мәселелер бойынша қолдан келгенше тегін консультациялар беру. Екіншісі ол сот орындаушылар палатысының негізгі жұмыстар бойынша басты бағыттарын айтып көрсету. Сондай-ақ, волонтерлік қарқынды жұмыс істеуіне атсалысу.»

Бүгінгі күні еріктілер қозғалысына 150-ден астам адам кірген. Солардың бірі-Қуаныш Шаяхметов. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті волонтерлер жылы аясында халыққа барынша көмек көрсеткісі келеді. Сондықтан волонтерлер-заңгерлер штабына бірден қабылданыпты.

ҚУАНЫШ ШАЯХМЕТОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- «Мен өзім Волонтер жылына үлесімді қосқым келіп, солардың араларына тіркелдім. Мен волонтерлықтың көмегімен көптеген адамдарға көмектесіп, тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысып көмектескім келеді.»

Волонтерлер халыққа көмектесіп қана қоймай, өздеріне өмірлік тәжірибе алады. Бұл - жастар үшін таптырмайтын мүмкіндік.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...