ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ

17:54, 13 қыркүйек 2018

Қараша айында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форумға  келетін меймандарды қарсы алуға еркітілер де  дайындалып жатыр. Бұл шараға барлығы 200 қыз-жігіт қатысады деп күтілуде. Олардың басым бөлігі бірнеше шет тілдерін меңгергендер және де елімізде өткен ЭКСПО-2017 халықаралық байқауы кезінде жұмыс істегендер.  

Қазір облыста 64 жастар ұйымы бар. Солардың үшеуі еріктілердің жұмысына бағытталғанымен, қызметтері тоқтап тұр. Осыған орай «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында  жастар ресурстық орталығы жанынан еріктілер клубы ашылды. Бүгінгі таңда онда 250 адам бар.

ИРИНА ТУХВАТУЛИНА, ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2016 жылы «Еріктілердің қызметі туралы» бұйрық шығарылған болатын.Осы құжаттың аясында еріктілердің міндеттері және жұмысы анықталады. Еріктілер тегін түрде әлеуметтік өз еркімен қоғамға пайда келтіретін жұмыстармен айналысады. Алматыда Уневерсиада өткен кезде 2017 жылы біздің өңірде еріктілердің жұмысы жаңа деңгейге шықты. Жас солтүстікқазақстандықтар қысқы спорттық ойындардың өтуіне, Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, әлемдік деңгейде өткен іс-шараларға ат салысты.

Біздің еріктілер қоғамда болып жатқан түрлі іс-шараларда, жиындар мен семинарларда өз үлестерін  қосуда. Мысалы жазда өткен  халықаралық "Ер Жәнібек Кап" жастар арасындағы шағын футболда 11 мемлекеттен бас қосқан спортшылармен түрлі тілдерде тілдесіп, Петропавлдың тарихымен, көрікті жерлерімен таныстыра алды.

ЛИЛИЯ ГИЗАТУЛИНА, СҚО ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы жылы біз еріктілер клубын құрған едік. Бүгінде онда 200-ге жуық адам бар. Олар колледждер, университет студенттері мен мектеп оқушылары. Жаз басталысымен біздің клуб белсенді түрде жұмыс жасаған болатын. Айта кетсек балаларды қорғау мерекесі, аутизм сырқатына шалдыққан балаларға көмек көрсетіп және тағы да басқа игі істерге бас қосқан болатынбыз.

Қажымұқан Смағұлдың жасы 17-де. Ол Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстандық Мемлекеттік Университетінде қаржы мамандығына 1 курста оқиды. Еріктілердің қатарына осы жылдың жазында қосылған. Өзі фотосуреттерді жасағанды ұнататындықтан ол, өңіріміздің киелі жерлеріне барып түрлі фото туындыларын жасаған.

ҚАЖЫМҰҚАН СМАҒҰЛ, ЕРІКТІ:

Осы жылдың шілде айында фотоаулау басталған болатын. Мен өтініш жазып, бірден еріктілер клубына алындым. Мұнда мен көп нәрсеге үйрендім. Жаңа адамдармен атынсып, өңіріміздің көрікті жерлерін көрдім.

Қараша айында өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форумға жалпы алғанда 200 ерікті қатыспақ.Олардың міндеті келген қонақтарды қарсы алу, облыстың айшықты орындарын көрсетіп, қонақжайлылық көрсету.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, еріктілер, жастар

Тақырып бойынша материалдар

АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
21:06, 15 қараша 2018
АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
20:56, 14 қараша 2018
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...