ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗДЫ

20:41, 6 сәуір 2020

СҚО іскер әйелдер қауымдастығы, әйелдер күші Альянсы және облыстық ҚХА-мен бірлесе отыра өз еріктілері үшін, арнайы қорғаныш киімдерін тіге бастады. Бүгінгі таңда бұл волонтерлар Петропавлда подъездері карантинге жабылған тұрғындардың өтініштерін  орындауға әзір. Яғни оларға азық-түлік, дәрі-дәрмектерін жеткізіп тұрады.

Қауіпті дертті ауыздықтау үшін індетті жұқтырған адаммен байланыста болған  адамдар үй карантиніне жабылады.  Подьездерді тәртіп сақшылары күні-түні күзетуде.  Оқшауланғандарға үйден мүлдем шығуға болмайды. Сондықтан  СҚО іскер әйелдер қауымдастығы, әйелдер күші Альянсы және облыстық ҚХА-ның еріктілері оларға  күн сайын өз денсаулықтарын қауіп қатерге тігіп, қажетті барлық заттарды үйлеріне жеткізіп береді.  Жұқтыру қаупін азайту үшін олар  өздері тіккізген мынадай арнайы  костюмдер киеді.

ВИТАЛИЙ НЕРЕТИН, ВОЛОНТЕР:

«Қорқыныш сезімі болады. Оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ, біз арнайы костюм мен антисептикпен қамтамасыз етілгенбіз. Еріктілер үй карантинінде отырғандарға көмек қолын созады. Менің ойымша әрбір жан көмектесуі керек.»

Үй карантиніне жабылғандарға мүлдем далаға шығуға тыйым салынған.  Талап сондай. Осындай төрт қабырғаға қамалғандардың бірі - Андрей Генза. Ол таңертен волонтерлерге хабарласып тапсырыс беріпті. Оның өтініші екі сағаттың ішінде орындалды.

АНДРЕЙ ГЕНЗА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Екі сағаттың ішінде жеткізіп берді. Осыдан үш күн супермаркеттердің біріне тапсырыс берген едім. Бірақ, әлі әкелген жоқ. Алғысым шексіз. Тіпті, қоқыс жәшігін де орнатып қойыпты. Жақсы болды ғой. 5-күн бойы үйден қоқыс шығарылмаған еді.»

Қажетті заттарды жеткізіп бергеннен кейін, волонтерлер өз костюмдерін залалсыздандырады.  Жалпы, бүгінге еріктілер 12 мекенжай бойынша тапсырыс орындады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ  КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
17:25, 4 маусым 2020
ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар