ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ОРНАТЫЛУДА

17:49, 13 маусым 2018

Петропавлдағы кей көпқабатты үйлердің тұрғындарына енді  пайдаланылған электр энергиясының көрсеткішін айтып,  монополист кәсіпорынның орталығына қоңырау шалудың қажеті жоқ. Себебі, қалада қуат көзін коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі орнатылуда. Бұл жаңашылдық жеке сектордағы баспаналарда да қолданылады. Тілші материалында толығырақ.

Бұл жаңашылдық негізінен 2009 жылдан бері қолданыста. Ол үйлердегі электр есептеу құралдарындағы көрсеткіштерді қашықтықтан қарауға мүмкіндік береді.  Бүгінгі күні  құрылғыға Петропавл мен Қызылжар ауданының  31 мың тұтынушысы қосылған. Бұл дегеніміз 80 көпқабатты үй және 16 мың жеке сектордың ғимараттары.Оның ішінде мектеп, аурухана, балабақшалар да бар. Жүйе ақпараттың үш түрін біріктіреді. Ол алғашқы көрсеткіш, есеп жинағы және ақпаратты өңдеу.

ВЯЧЕСЛАВ ОВЧИННИКОВ, «СК РЭК» АҚ  ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:

- Екінші деңгей ол ақпаратты жинау және өңдеу. Каналдар арқылы «СК РЭК» акционерлік қоғамының серверіне жолданады. Сол жерде ақпараттың соңғы өңдеуі жүргізіледі. Архив мәліметтерін есептеп және ақпаратты түрлі форматтардағы файлдарға өзгертеді.

Жүйе кәсіпорын мамандарының жұмысын жеңілдетіп отыр. Олар нақты уақытта  мәліметтерді қарай алады, құралдарды бақылап және тұтынушыларға ішінара қызмет көрсетуге мүмкіндік  береді.

ВИКТОР КАЦ, «СК РЭК» АҚ ИНЖЕНЕРІ:

- Күн, ай және жыл сайынғы байқауға қатысты ақпарат сақталған.Біз құралдың   қуат беру көрсеткішін жазып аламыз, құралға бөгде қондырғыларды қосу арқылы электр энергиясын ұрлау фактісін бірден біліп отырамыз, тіркеп аламыз.  

Жаңа қондырғыны орнату көбіне кәсіпорын есебінен жүргізіледі. Мамандар биыл да аталмыш жұмысты жалғастырмақ.Себебі жаңа құралдардың тиімділгі дәлелденіп отыр.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, Екатерина БЕЛОУСОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, есептегіш құрал

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
15:23, 22 мамыр 2019
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
15:07, 21 мамыр 2019
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...