ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

ЕСІЛДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ - БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ

21:33, 13 қыркүйек 2018

Облыс орталығында "Таза жағалау" акциясы басталды. Мемлекеттік қызметкерлер, студенттер және университет оқытушылары қатысты. Олар Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалады. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін тазалық акциясына 30-ға жуық ерікті ат салысты.  

Ерке Есілдің жағалауын қоқыстан тазартуға келгендердің басым бөлігі мемлекеттік қызметкерлер. Күнделікті жұмыстарын ысырып қойып, табиғат ананы аялауға көшті.  Олар 20-шы шағын аудандағы өзен жартасының  айналасын жинастыруды көздеп отыр.

АНДРЕЙ СЛАВНЫЙ, ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Бүгін міне барлығымыз бірлесіп, Есіл өзенінің  жағалауына тазалау жүргізіп жатырмыз.Табиғатты аялайтын жұртшылықты көмек көрсетуге шақырамын.

Көмек қолын созудан жастар да  қалыспады. Манаш Қозыбаев атындағы университеттің студенттері  өздеріне тиесілі  аумақты жинастыруда. Ерлан Қоңырбаев экологияның ластануына жол бермеу бәріміздің ортақ міндетіміз дейді.

ЕРЛАН ҚОҢЫРБАЕВ, ЭКОЛОГ МАМАН,  М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Қаламыздың, өңірдің экологиялық мәселелеріне назар аудару

Әр ұжым өздеріне тиесілі аумақты тазартқандарына қуанышты. Алдағы уақытта  табиғатты қоқыстан арылту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Асхат ҒАЛИАСҚАРОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Есіл өзені, жағалау, таза табиғат

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
17:53, 25 сәуір 2019
ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...