ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЕСКЕ АЛУ ВАХТАСЫНАН» ОРАЛДЫ

18:00, 16 мамыр 2019

Петропавлдық «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері үш аптаға созылған кезекті «Еске алу вахтасынан» оралды.  Бұл жолы олар Ресейдің  Новгород облысында қазба жұмыстарын жүргізіп, 10 сарбаздың сүйегін көтеріп, құрметпен қайта жерледі. Сондай-ақ, олар клуб музейін  соғыс жылдарында қолданылған бірегей заттармен толықтырды.

Қазба жұмыстарына әскери-патриоттықклуб жетекшісі Александр Азегов жастармен бірге 27 жыл бойы барып жүр. Оның сөзінше, қанды шайқаста іс-түссіз жоғалып кеткен жауынгерлерді табу жыл өткен сайын қиындық тудыруда.

АЛЕКСАНДР АЗЕГОВ, «САЛАНГ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Мен 1993 жылды бүгінгі күнмен салыстырамын.  Іздеуқиынға соғады.Шөп өсіп кеткен. Бұл металл емес, адамның сүйектері ғой. Ал металл іздегіш құралының арқасында біз каскалар мен қару жарақтарды еш қиындықсыз табамыз.

Биыл «Еске алу вахтасына » клуб атынан қазба жұмыстарына 7 адам аттанды. Олар 10 адамның сүйегін тапты. Жауынгерлердің сүйектері  6 мамыр күні Новгород облысында қайта құрметпен жерленді. Ал клуб музейі  30 жәдігермен толықты.

АЛЕКСАНДР АЗЕГОВ, «САЛАНГ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Музейде бұған дейін болмаған нәрселерді әкелуге тырыстық. Нәтиже жаман емес. Кесе, қасықтардың әр түрлі үлгілерін әкелдік.

Айта кету қажет, «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері жылда Ресейдің Новгород  облысына аттанып, қазба жұмыстарын жүргізеді. Ал биыл тәжірибелі іздеушілер кезінде 800 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен жерлерді зерттеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар