ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТҰРУ МІНДЕТ

13:03, 18 шілде 2019

Петропавлда  заңды ұйым өкілдерінің қатысуымен әскери қызметшілердің жиналысы өтті.  Жиынды өткізудегі мақсат,   заңды тұлғалардың әскери есебін жүргізу мен оларға ҚР заңдарына енгізілген толықтыруларды түсіндіру. 

Өңірімізде 2000ға жуық заңды ұйым тіркелген. Олардың көбінде кететін қателік, 18 жастан асқан азаматтарды яғни, әскерге шақырылушыларды жұмысқа қабылдау кезінде жалпы ережелерді ұстанбай немесе әскери есепке алу құжатын дұрыс толтырмайды екен. Соның салдарынан әскери борышын өтемей жүргендер саны да жыл санап артып келеді.  Жиын барысында, аталмыш ұйымдарда әскери есепке тұрмаған азаматтар қызмет етіп жүрген болса,заң бойынша 10-40 АЕК-ке дейін айыппұл салынатындығы да ескертілді. Айта кетейік,  әскерге 18-27 аралығындағы азаматтар шақырылады.

ЖАНДОС ЖАМАНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

- Біз осындай жиындарды жылына 2 рет өткізіп тұрамыз. Заңды ұйым өкілдерін ҚР заңдарына, баптарына енгізілген толықтырулар мен өзгертулермен таныстырып, әскери есеп бойынша бақылау жүргіземіз. Әскерге бармай, өз борышын өтемей жүрген азаматтарға ескерту жасалып, айыппұл салынады.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...