ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

20:34, 10 шілде 2019

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубында қазіргі таңда 100-ге жуық бала тәрбие алып жүр. Жазғы демалыс уақытында әскери өмір жайында білгісі келетін оқушы қыздар мен ұлдардың қарасы қалың. Клубтың қызықты әрі танымдық жұмысымен арнамыздың түсірілім тобы да танысып қайтты.

"Жас Сарбаз" облыстық әскери-патриоттық бірлестігі облыстық Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағы кеңесінің жанынан құрылған. Ол Петропавлдың № 23 мектебінде орналасқан. Мұнда барлық тілек білдірген балалар үшін тегін сабақтар өткізіледі,сонымен қатар"қиын" жасөспірімдерге, аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін "Жас Сарбаз" клубына қаланың барлық мектептерінен әр жастағы 100-ден астам бала мүше.

ЕРІК ТАТТЫБАЕВ, «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Оқушылар мұнда  алғашқы әскери дайындықтан өтеді және өзін-өзі қорғауға үйренеді. Яғни әскери самбо, тэквандомен айналысады. Бізде жоғары педагогикалық және психологиялық, әскери білімі бар 3 нұсқаушы жұмыс істейді. Оқушылар әр сабаққа қызығушылықпен қатысып, белсенділік таңытады.

Батырхан Қабдулиннің  клубқа мүше болғанына 1 жыл. Мұнда балалар мықты және шыдамды болуға үйренеді.

БАТЫРХАН ҚАБДУЛИН, «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Клубта өтетін барлық жаттығу сабақтар маған өте қатты ұнайды. Мектепті тәмамдаған соң әскери институтқа түсіп, офицер болсам ба деймін. Бұл жерде түрлі спорт түрлерімен айналысып  және өзімді қорғау үшін пайдалануға болатын жеңіл жаттығулрды үйренеміз.

Әскери-патриоттық клубта өтетін сабақтарға ұлдармен қатар 30-ға жуық қыз қатысады. Оқушылардың көбі болашақ мамандығын әскери өмірмен байланыстырғысы келеді.  

ВАЛЕРИЯ АВЕРИНА, «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Әзірше автоматты шашу мен үшін қиын. Ол 1 минут уақытымды алады. Алайда, жаттығулардың арқасында тез шынығып аламын деген үміттемін.

Петропавлда бүгінгі күні 7 әскери-патриоттық клуб пен үйірме жұмыс істейді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
18:00, 10 желтоқсан 2019
ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
Толығырақ...
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
17:53, 10 желтоқсан 2019
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...