ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ӘУЕ ДЕСАНТЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

17:56, 2 тамыз 2019

Тамыздың екісі әуе десанты әскерлерінің күні. Бұл датаны жерлестеріміз дәстүрге сай атап өтті. Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткіші орналасқан алаңда бас қосып, естеліктерімен бөлісті. Осы жерде Отанды жаудан аман алып қалған аталар рухына да тағзым етті. «Мәңгілік алау»мемориалдық кешенін гүлмен көмкерді.

Бастарында аспан түстес берет, ал үстерінде жолақ жейде. Бұл жігіттер әр жылдары әуе-десанттық әскерлерде Отан алдындағы борыштарын өтеген. Бүгін облыстық десантшылар одағының мүшелері өздерінің төл мерекелерінде бас қосып отыр.

Баршасын осы мерекемен құттықтаймын. Мықты денсаулық тілеймін. Десанттардың парашюттері ылғи ашыла берсін. Ел амандығы мен тыныштығын берсін. Отанды жаудан аман алып қалған аталарымыздың ерлігін ұмытпайық. 

- Әуе-десанттық әскерлерінің күнімен жерлестеріміді құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын деп тілеймін.  Ағаларымыз айтпақшы, жер барлығы үшін, асапан таңдаулылар үшін. Әр істе сәттілік серік болсын!

Мерекеге орай бірқатар  Солтүстік Қазақстан облыстық десантшылар одағының бірқатар мүшесі марапатталды. Алғыс хатқа ие болғандардың қатарында Александр Азегов та бар. Жерлесіміз жастар тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді.

АЛЕКСАНДР АЗЕГОВ, «СҚО десантшылар одағы»ҚБ, «САЛАНГ» ӘПК ЖЕТЕКШІСІ:

- 103-ші әуе-десанттық дивизияда Отан алдындағы парызымды өтедім.  Әскерден келе сала «Саланг» әскери-патриоттық клубын құрдым. Сол ұйымға 32 жыл. Жыл сайын жасөспірімдермен «Зерде» экспедициясына шығып, майдан даласында шейіт болған сарбаздардың мүрдесін іздейміз.   

Осы күні әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері ант қабылдады. Даниэл Коновалов ержүрек ағаларына қара бой түзеп келеді. Ер жеткенде әуе-десантық әскерді таңдаймын дейді.

ДАНИЭЛ КОНОВАЛОВ, «ЖАС АРЛАН» ӘПК КУРСАНТЫ:

- Әскери-патриоттық клубқа барып жүргеніме 2-ші жыл болды. Тәлімгер қоян-қолтық ұрыс және қорғану тәсілдерін үйретеді. Мен де бүгін ант қабылдадым. Салтанатты жағдайда «Жас Арлан» клубының курсанты атанғаныма қуаныштымын. Мен де өскенде ағаларым сияқты мықты болғым келеді.

Бұл күні көк береттілер Ұлы Отан соғысында от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етті. Десантшылар «Мәңгілік алау»мемориалдық кешенінгүлмен көмкерді.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...