ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР ӘЗІР

20:55, 19 наурыз 2020

Көктем келіп, күн жылына бастағалы бері облысымыздағы кей елді-мекендерді су басу қаупі артты. Төтенше жағдай департаментінің мамандары басқа да уәкілетті органдармен бірлесе апатты жағдайдың алдын-алу үшін бірқатар іс-шараларды қолға алды. Петропавл қаласынан бірнеше текше метр қар шығарылып, суағарлар тазартылды. Су басқан жағдайда тұрғындарды және үй жануарларын көшіретін эвакуациялық пункттер әзірленген. Әріптесім толықтырсын.

Көктемгі су тасқынымен күресу үшін құтқарушылар дайындықты күшейткен. Үй-жайына су кірген тұрғындарды және үй жануарларын құтқару үшін арнайы орындар әзірленген. Мәселен, мына серіктестіктің аумағына шошқа, ал мына жеке кәсіпкердің мал қорасына жылқы мен сиыр әкелінеді. Жалпы 200 мыңға жуық малды эвакуациялау жоспарлануда. Ветеринария басқармасы мамандарының сөзінше түліктің барлығы да тиісті вакцина алып, түрлі дерттерге тексерілетін болады.

ОЛЖАС БОЛЫСПАЕВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жануарларды эвакуациялау үшін қазіргі кезде 86 орын әзірленуде. Яғни біз мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен  тиісті орын бөлу туралы келісім-шартқа отырудамыз. Эвакуациялауға ветеринарлық стансалардың 340қа жуық маманы қатыспақ. Малды азықпен қамтамасыз ету үшін тиісті мөлшерде жем сатып алынады. Және де түлікте түрлі аурулардың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

Ветеринария басқармасымен бірге малды қауіпсіз жерге көшіруге қутқарушылар да қатысады. Ол үшін арнайы техника да әзірленген.

ҚУАТ МАХМЕТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ АҒА-ОФИЦЕРІ:

- Тасымалдаудың екі түрі бар. Ол мысалы су басу қауіпі кезінде малды биік жерге көтеру және автомобильдік көліктермен осындай жерлерге эвакуациялау.Оларды тасымалдау үшін ветеринария басқармасы жеке меншік кәсіпкерлермен келісім-шартқа отыруда, сол жақтағы техниканы қолданатын боламыз.

Мұнымен қоса, облыста 325 эвакуациялық пункт дайын. Соның 4-і Петропавлда орналасқан. Мәселен, мына Заречный кентіндегі 13ші мектеп 50-ге жуық жерлесімізді қабылдауға әзір. Тұрғындарға және оардың бала-шағасына барлық жағдай жасалған.

АБАЙ ҚАЙСИН, № 13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ, ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз дайынбыз халқты қабылдауға. Мұнда тұрғындармен психолог мамандар жұмыс істейді. Кішкентай балалармен аналарға дәрігерлер көмек көрсетеді. Дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да заттар толқтай әзір.

Бүгінде Заречный кентінде көктемгі су тасқыны кезінде көшірілуі мүмкін тұрғындардың тізімі жасалған. Олардың ішінде  мүмкіндігі шектеулі 15 адам да бар. Соның 3-і бала. Эвакуациялық пунктте олардың жүріп тұруына ыңғайлы болу үшін екінші қабаттан бірінші қабатқа түсуге арналған жедел саты жұмыс істейді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...