ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ӘЖЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

17:57, 1 қараша 2019

Петропавлдағы аналар мектебі «Әжелер форумын» ұйымдастырды. Шараға алтын құрсақты, ақ жаулықты әжелер мен шаһардағы қазақ мектерінің 6 - 11 сыныбында оқитын қыздары қатысты. Форумда рухани байлықтың бірі саналатын - отбасы құндылықтары ұлықталды.

Тұңғыш президент, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», - дейді. Сондықтан жастарға тәрбие-өнеге беретін, ұлттық құндылықтарымыз бен әдет ғұрпымызды олардың бойына сіңіретін ақ жаулықты әжелерімізді ардақтау, олардың өсиетіне құлақ асу жас ұрпақтың міндеті. Шараға қатысқан Сабина Қабдөшева бұл пікірмен толықтай келіседі.

САБИНА ҚАБДӨШЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:

Бұл іс-шараның маңызы зор. Көп нәрсені үйретеді. Тәрбиелік мәні өте құдіретті. Менің де әжем бар. Мен ол кісіні өте қатты сыйлаймын, қатты жақсы көремін. Осында отырған әжелерді де сыйлап, құрметтеймін.  

Шара барысында әжелерге дастархан жайылып, өңір өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Айта кету керек, мұндай форум өңірде алғаш ұйымдастырылуда.

ЗӘУРЕШ ЖИЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ «АНАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» МҮШЕСІ:

Кеше ғана «Қарттар айлығы» аяқталды. Соған қарамастан біз осы әжелерді рөлін сезіндіру үшін, әжелердің айтқан әрбір айтқан ақылы маңызды екендігін сезіндіру үшін  бүгін қаламызда қазақ мектептерінің «Қыздар клубының» мүшелерін жинап, әр қазақ мектебінен қазақ әжелерін жинап, ұйымдарды жинап әжелерді ұлықтасақ, соларға құрмет көрсетсек, соларға еліктесек, алтындай жарқыраған әжелеріміздің жалғасы болса екен деген мақсатпен бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырмыз.

Форумға түрлі жастағы әжелер қатысты.Солардың арасындағы ең үлкені Сапура қажы Әміреқызы. 88 жастағы кейуана Қызылжар орталық мешіті жанынан құрылған «Әжелер мектебінің» мүшесі. Шараға ұлттық киімдермен келген қыздарға, мұң бұралған бишілер мен жезтаңдай әншілерге қарап көңілім бір марқайып қалды, – дейді ол.

САПУРА ӘМІРЕҚЫЗЫ,  «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» МҮШЕСІ

- Қуанып тұрмын. Өте риза болып домбыра мен желбірлі көйлек киіп келгендері міне біздің қазағымыз осылай болады, той думанымыз осылай өтетін. Алла дінімізге, тілімізге қуат беріп, дәстүр салтымыз баяғыдай болып ел қорғайтын азаматтарымыз аман болсын.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараны дәстүрге айналдыру көзделген.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...