ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

FIRST KAZAKHSTAN FASHION ACADEMY

18:04, 9 шілде 2019

Подиумда сәнді жүруді, арқаңызды тік ұстауды, фотосуретке әдемі түсуді армандасаңыз онда сіз үшін жағымды жаңалық. Петропавлда тұңғыш рет FIRST KAZAKHSTAN FASHION ACADEMY ашылды. Мұнда сізді сән әлемінің қыр-сырымен танысып, Нұр-Сұлтан, Алматы және шаһардың белгілі шеберлерінен бұл саланы кәсіби түрде меңгересіз.

Сән журналының бетін ашқанда, соңғы үлгіде әдемі киім киген модельді көресіз. Алайда, бұл мамандық иесі болу оңай іс емес. Модель болу - тынымсыз еңбекті қажет етеді екен. «Қалай Модель атануға болады» деген сауалдың жауабын  енді Петропавлда ашылған зе фест казахстан фешн академиясынан табуға болады.

ӘЛИЯ ҚОСМАҒАМБЕТОВА, «FIRST KAZAKHSTAN FASHION ACADEMY» ДИРЕКТОРЫ:

- Модельді академия Петропавлда тұңғыш рет ашылып отыр. Мұндай бұрын сонды болмаған.  Біздің қаланың жастары жан-жақты. Тіпті өнерге жақын деп айтсам болады. академияда жас ерекшелікке шектеу жоқ. Жасөсіпрім қыз бен ұл, егде жастағы әйел, ер адамда бізге келе алады. Академияда оқу ақылы түрде жүргізіледі. Алайда, академия оқушысының шеберлігін, талантын көре алсақ, арнай гранттар бөлетін боламыз..Яғни, тегін оқи алады.

Фест казахстан фешн академиясы сәнді жүру, актерлік шеберлік, этикет, хореография, визаж, киім үлгісін таңдау, фотомодель болу бағыттарын қамтыған. Академия директоры Әлия Қосмағамбетованың сөзінше, бұл жер мамандығын сән әлемімен байланстырғысы келетіндерге ғана арналмаған. Мұнда, әр адам қоғам алдында еркін ұстай білуді, сәнді киіну мен күнделікті өмірде жүріп-тұру мәнерін меңгереді. Мисс Петропавл 2019 байқауының жеңімпазы Анара Кәкімова келушілерге дұрыс, әрі сәнді жүрудің қыр-сырын үйретпек.

АНАРА КӘКІМОВА, МИСС ПЕТРОПАВЛ-2019:

Шынымды айтсам, біздің қаламыздың жастары осындай академияға мұқтаж еді. Ашылғана қуанып отырмын, өте қызықты болады деп ойлаймын. Мен мұнда қыздарға, дефиледе жүруді үйретемін. Ең қарапайым, әрі қиын әдеттердің бірі денені тік ұстауды үйретемін. Біз отырғанда да, жүргенде де арқамызды тік ұстауымыз қажет. Алайда , барлығы ол туралы ұмытып кетіп жатады. Сонымен қатар, түрлі шеберлік сағаттарын өткізетін боламын.

Әрбір модель жарнамалап жатқан затты, не болмаса киімді тек көрсетіп қана қоймай, оны сезіне білу керек. Мұндай шеберлікке әр ару ие бола бермейді, оларды арнайы оқу курсынан өту нәтижесінде ғана алуға болады. 

Мен әлеуметтік желілерден қаламызда алғашқы фешн академияның ашылатынын естіп, келіп отырмын. Болашақта фотомодель курсынан өтіп көргім келеді. Менің ойымша л өте қызықты, қайталанбас тәжірибе алатыныма сенімдімін.

- Бұл жерде этикетке. өз-өзіңді дұрыс ұстауды үйренуге болады. Әдеп ережелермен танысу, оны ары қарай ұстай білу үлкен еңбекті қажет етеді деп есептеймін. Сондықтан, осы курстан өтер едім.

Әрбір модельдің табысқа жетуінің кепілі тек қана фото бейне жасау, сәнді жүрумен ғана шектелмейді. Ол адамның жеке қасиеттеріне байланысты. FIRST KAZAKHSTAN FASHION ACADEMY-де арнайы әзірленген бағдарлама барлық сын-ескертпелерді ескеруге және болашақ жұлдыздарды тәрбиелеуге бағытталған!Аталмыш академияның тәрбиеленушісі атанғыңыз келсе Жамбыл Жабаев көшесі 156 мекен жайы немесе  www.fkfa.kz сайтында өтініш қалдыра аласыз.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...