ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҒАЛЫМДАР ТОҒАНДЫ ТАЗАЛАЙ АЛМАЙ ОТЫР

13:15, 21 мамыр 2020

Облыс ғалымдары карантиннің салдарынан кәріз желісінен аққан су жиналатын  биологиялық тоғанды  табиғи жолмен тазалай алмай отыр. Петропавлдың дәл іргесіндегі көлден шығатын қолаңса иістен желді күндері дем алу мүмкін емес. Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтап көрді.

Ғалымдар Петропавлдың іргесіндегі биологиялық тоғанды табиғи жолмен тазалай алмай отыр. Көлде соңғы 70 жылдан  бері   бірде-бір рет ондай жұмыстар жүргізілмеген. Оның түрлі тәсілі бар, бәріне де қыруар қаржы керек. Мамандардың айтуынша, ең арзаны бұрыннан қолданылып келе жатқан биологиялық жолмен тазарту.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Қаланың кәріз желісінен аққан су құйылатын бұл тоғанның көлемі 12 миллион шаршы метр.Мамандарыдң айтуынша  көлді тазарту үшін 6 тонна микробалдыр қажет. Ал оны суға тек қыста ғана құюға болады. Себебі, хлорелла күн жылынған кезде басқа балдырлардын бұрын  оянып, су бетіне шығады.  

Ғалымдар  кәдімгі  тірі организмді көбейтіп, оны көлге жібереді. Сол балдыр, көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөледі.Яғни, қолқаны қабатын күлімсі иісті жояды. Бұл тәсілді пайдалану үшін 50 миллион теңге қаражат қажет. Бірақ жобаны қала басшылығы әзірге бекітпеген.    

ИРИНА ГОЛОДОВА, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Қазірелдегі, жалпы әлемдегі  жағдайға байланысты қолымыз байланып отыр. Биыл жаңа жылдан кейін көрсетуіміз керек еді, бірақ іске аспады.  Енді келесі қысты күтеміз.

Көлдан шыққан қолаңса иіс экологияға да кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе,    жел көтерілгенде тыныс алу қиындайды.

ОКСАНА ГОРДИЕНКО,  «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:

- Ауаның текше метріне күкіртсутегі 0,8 мың болса қалыпты жағдай деп есептеледі. Ал, Петропавлда  көктемде күн жылыған кезде бұл көрсеткіштен асып кетеді. Әсіресе , осыдан екі жыл бұрын тіпті  қиын болған еді. 

Бүгінде теріскейде бұл тоған ғана емес көптеген көлдер лайланып барады. Сондықтан, басқа да су қоймаларында осы әдісті енгізсе, өңір экологиясына оң әсер етері сөзсіз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:49, 4 маусым 2020
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар