ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

18:00, 1 қараша 2019

Петропавлда химия, биология пәні  мұғалімдерінің «кәсіптік ынтымақтастықтың ғылыми зертханасы» атты  1 халықаралық   форумы өтті. Жиынға Ресей елінің білікті профессорлары мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар қатысты. Форум мақсаты -  химия, биология пәні мұғалімдерінің ғылыми-педагогикалық шеберліктерін арттырып, тәжірибе алмасу. 

«Кәсіптік ынтымақтастықтың ғылыми зертханасы» атты химия, биология пәні мұғалімдерінің форумы елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Жиын Нұр-Сұлтан, Омбы қалаларынан келген білікті профессорлар мен жергілікті тәжірибелі ұстаздардың пленарлы отырысынан басталды. Шара барысында облыс мұғалімдерінің ғылыми-практикалық мақалалар жинағының тұсауы кесілді.

РОЗА СӘРКЕН, СҚО ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл мақалалар жинағына облысымыздың үздік ұстаздарының еңбектері кірді. Жалпы 150-ден астам мұғалім өтінім білдіріп, өздері зерттеген тақырыпта мақала жіберген болатын. Алайда олардың ішінен тек 30-ы ғана іріктеліп алынды.

Еліміздің бас қаласынан келген ұлттық білім академиясы маманының айтуынша, химия-биология пәндері бойынша Қазақстанда кадр тапшылығы бар. Алайда,  бір көңіл көншітерлігі - жас мамандар арасында 3 тілді білім беруге  деген ұмтылыс жоғары.

АЛМА МҰХАМЕДЖАНОВА, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Үш тілді білім беру жүйесін дамыту аясында елімізде «Педагогикалық ворк шоп» жобасы іске қосылған. Оған СҚО белсенді ат салысып, бүгінгі күні 199 мектеп қатысып жатыр. Олар физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытады. Осындай форумдардың арқасында жас мамандар өздеріне тәжірибе жинап, жаңашылдыққа, жаңартылған оқу бағдарламасына  үйренеді.  

Халықаралық форумға еліміздің қалаларынан 300-ге жуық жас маман  қатысты. Солардың бірі-Мұрат Сағындықов. Түркістан облысынан келген. 3 жылдық еңбек өтілі бар биология пәнінің мұғалімі.

МҰРАТ САҒЫНДЫҚОВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл форумнан күтетін нәтиже көп. Себебі, халықаралық болғандықтан Ресейдің мамандарынан, осы жердің түрлі НЗМ мұғалімдерінен тәжірибе алмасып, олардан көп нәрсе үйренуге келген болатынмын. Тіршілікпен тікелей қарым-қатынас болғандықтан аса маңызды сала деп ойлаймын. Осы биология саласы.

Пленарлы жиыннан соң форумға қатысушылар 6 бағыт бойынша түрлі секцияға бөлініп, тәжірибе алмасты. Секцияларда 40-қа жуық түрлі тақырыптағы инновациялық жобалар қорғалып, жас мамандарға шеберлік сағаттары өткізілді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...