ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ІНДЕТ КЕЗІНДЕГІ ТОЙ

20:37, 29 маусым 2020

Карантин кезінде ережені елемей, той жасап, 200-ге жуық қонақ шақырам десеңіз 2 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге дайын болыңыз. Елде төтенше жағдай режимі тоқтағалы бері тәртіп сақшылары мен санитар мамандардың қатысуымен 300-ге жуық кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Ал, маусымның 27-сі мен 28-і аралығында Қазақстанның көптеген облыстарында карантин талаптары күшейтілді. Алайда, бұл күндері тәртіпке бағынбағандар да баршылық.

Қазақ – тойшыл қауым. Елде төтенше жағдай жарияланған кезде көбі тойды қалай өткіземіз деп алаңдаған. Кейін жағдай аздап реттеле бастағасын 50 адамға арналған шағын отырыс жасауға рұқсат етілді. Алайда, Қазақстанның аумағында вирус жұқтырып науқастанғандардың саны артқандықтан көптеген облыстар мен қалалар жабылып, той жасауға мүлдем тыйым салынды. Соған қарамастан, халық ресторан мен дәмханаға төлеп қойған ақшамыз бар деп 100-ден астам адамның басын қосып дүркіретіп салтанаттарын өткізді. Петропавл да шет қалмады.

Ал, мына суреттер облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде түсірілген. Ғимараттың артқы есігінен кіріп жатқан ақ көйлектегі қалындық пен өзге де жандар тұрғындардың назарына түсіп қалған. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл жағдайды біреу жақтаса енді біреу карантин талаптарын бұзды деп даттауда.

- Ақшасын төлеп қойған ғой... онда тұрған не бар... карантин талаптарын сенбі мен жексенбі күшейтті, басқа күндерІ ауру жұқтырмайтындай....

- Мұндайларды жазалау керек. Карантин талаптары барлығына ортақ. Тойдан шығып жұмысқа барады сол жердегі әріптестеріне жұқтырады. Бұл түрімізбен қашан бұрынғы өмірге оралады екенбіз

-  Қыдырып, тойлай берсін. Сіздердің неңіз кетті?

Жалпы демалыс күндері тәртіп сақшылары 100-ге жуық нысанды тексерген. Нәтижесінде 2 бұзушылық анықталған.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

-  Төтенше жағдайдың тоқтатылғанына қарамастан ковид инфекциясының таратылуына жол бермеуге арналған шектеулік шаралары әлі заңды күшінде. Соған байланысты Петропавл қалалық Полиция басқармасымен қалалық сапа орталығының мамандарымен бірге жеке және заңды тұлғаларды осы шектеу шараларын сақтауға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді. 0,46 Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар ары қарай сотқа жолданды. ӘКнің 462бабымен 200мрпге дейін айыппұл салынады.

Карантин талаптарын сақтап, өзіміздің  және жақындарымыздың денсаулығын ойлау қажеттігін  жерлестеріміз    түсінеді.   

- Негізі дұрыс емес шығар енді ол....себебі барлық адамға денсаулық керек ең бірінші

- Мысалы мені тойға шақырса мен әрине міндетті түрде барудан бас тартамын. Себебі денсаулық зор байлық. Өзімнің және туысқандарымның өмірін қатерге тіккім келмейді.

- Әрине қазіргі кезде індеттің таралуына байланысты той, мерекелерді өткізуге қарсымын. Өз басын ойламау керек адамдар.Басаларды да ұмытпаған жөн.

Тәртіп сақшыларының сөзінше карантин кезінде талаптарды сақтамай, бұзушылықтарға жол бергендер ҚРның Әкімшілік Кодексінің 462 бабына сәйкес 200АЕК көлемінде айыппұл өтеуі мүмкін. Бұл дегеніміз 2 млн теңге.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...