ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ИНДУСТРИАЛДЫ СЕРТИФИКАТ

17:56, 14 маусым 2019

Кәсіпкерлер палатасы ел аумағында өндіріліп, тіркелген тауарларды және қызмет көрсететін өндірушілердің тізімін қалыптастыруда. 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпкерлердің қолында индустриалдық сертификат болуы шарт. Ол әзірше жиһаз және жеңіл өнеркәсібіндегілерге қатысты. Болашақта барлық кәсіпкерлер бұған тәуелді болмақ.

Кәсіпкерлер құжатты алу үшін 2 кезеңнен өтуі қажет. Біріншіден электрондық құжаттар алмасудың біріңғай жүйесінде тіркеліп, содан соң өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш пен құжаттар пакетін ұсынады. Өндіруші тізіміне енген уақытта, аталмыш сертификат кәсіпкерге 3 жыл мерзіміне электронды түрде QR белгісімен тегін беріледі.  Құжаты бар кәсіпорын автоматты түрде отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің тізіліміне енгізіледі. Бұл құжатты қалай алуға болады және ол не береді деген сауалмен келген кәсіпкерлерге бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасында онлайн режімінде рет-ретімен түсіндірілді.

 ИГОРЬ МИРОНЯК, «ҚАЗАҚ САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫ» ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Басты талаптардың бірі сертификаттың сәйкестігі туралы толық ақпарат берген жоқсыз. Сериалы өндіріс қажет дедіңіз. Бірақ, мен барлық кәсіпкерлердің атынан нақты айта аламын, бұл бізде жоқ.  Мемлекеттік сатып алу заңында, бұл міндетті түрде қажет емес делінген еді. Ал енді сериалы өндірісті жасау үшін үлкен қаражат пен көп уақыт керек. Біз, кәсіпкерлер не істеуіміз қажет?

- Да мы собираем такую информацию жалобу, в срочном порядке вносим изменения, сертификат будет обязательно  предоставляться при обязательном подтверждение соответствия.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...