ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

Индустрияландыру картасы бойынша бірнеше нысан іске қосылады

11:36, 17 наурыз 2017

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті едәуір артады. Шатырға арналған Ризолин жабындысы мен электроқшаулығыш материалдар Иран, Пәкістан, Тәжікстан елдеріне жөнелтіледі. «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқасында өндірісін кеңейткен кәсіпорындарды аралаған тілшілеріміз осыған көз жеткізіп қайтты.

«Блок» ЖШС жұмысы жаз уақытында жанданады. Құрылыс материалын шығаратын зауыттың басты өнімі шатырға арналған Ризолин материалы. Бұл өнім- патенттелген. Өткен жылы зауыттың өнімділігі 92 пайызға өсіпті. Биылда кәсіпорын, жаңа нарық көзін тауып отыр.

Зауыт ісінің оңға басуына мемлекеттік Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының да көмегі тиді. 2016 жыл серіктестік 100 млн теңге несие алып, жаңа цех ашқан.Соның арқасында өнім  көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.  Ал мына цехта электроқшаулағыш материалдарын шығарады. Бәсекеге қабілетті компания, өткен жылы 500 млн теңгенің тауарын дайындапты. Өнеркәсіп  -  өңірдің негізгі салаларының бірі. Қаңтар–ақпан айларында облыста 32,8 млрд теңгенің өнімі шығарылды.

РимКазАгроның кеспелері жазда тұтынушыларға жол тартпақ.Сонымен қатар, құрылыс индустриясы саласында Петропавлдакірпіш шығаратын зауыт іске қосылмақ. 

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРГІЛІКТІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
18:56, 25 қыркүйек 2017
ЖЕРГІЛІКТІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
18:31, 20 қыркүйек 2017
ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ОРАЙ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
15:54, 19 қыркүйек 2017
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ОРАЙ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫН...
Толығырақ...