ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

17:16, 16 қыркүйек 2020

Жүргізуші куәлігі мен әскери билетті онлайн рәсімдеп беремін. Әлеуметтік желілерде осындай жарнама жиі кездесетін болған. Алаяқ алдын ала қызметтің жарты бағасын сұрап, кейін қолға ақша түсісімен ғайып болады. Жұртты алдап жүрген қылмыскер әзірге ұсталған жоқ.  «Қызылжар адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  өкілдері осыған орай баспасөз маслихатын өткізіп,  өңір тұрғындарын ескертті.

Әскери билет пен жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеу жайындағы алаяқтың жарнамасын жергілікті тұрғындар өздерінің әлеуметтік парақшаларында кеңінен жарнамалаған. Бір қызығы жалған қызмет көрсетушіні еш қайсысы жеке танымайды екен.  Алайда оның есімі Зауыр екендігі белгілі болды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, :«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ  ЖЕТЕКШІСІ:

- Жарнама арқылы қызмет алғысы келгендер 50 процентін төлеп, қызмет алмағаннан кейін алаяқ екендігін түсінеді.  Алданып қалғандардың біразі бізге өтініш берген. 

Баспасөз маслитхатына арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары қатысып, жүргізуші куәлігі мен әскери билеттерді рәсімдеудің талаптарын түсіндірді. 

АРМАН ӘЛІБЕКОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Әскери билетті рәсімдеу тек қорғаныс істері департаментіне өтініш түскенде мемлекеттік корпорация неме электронды  формат арқылы түскенде рәсемделеді. Бұл тек біздің құзіретіміз. Бұл құжатты үшінші тұлғалардан сатып алуға болмайды.

Тағы бір айта кететіні, әскери билет тегін БЕРІЛЕДі. Оған қоса, жалған құжаттарды қолдану құқықбұзушылық болып саналады. Және ЗАҢМЕН ҚУДАЛАНАДЫ.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:40, 26 қаңтар 2021
​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...