ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

ИНВЕСТОРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

17:58, 14 қаңтар 2020

Сенімді басқарауға берілген «3 бөбекжайдағы қазақ топтары жабылады, төлемақы өсті» деген ақпарат бірнеше күннен бері көптің назарында жүр. Алайда, "Ивушка", "Балдәурен" және  "Ақбота" бөбекжайларының өкілдері бұл ақпаратты растамай отыр. Олардың сөзіне қарағанда, жаңа инвестор ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тәрбие сапасын арттыруға күш салмақ. 

2008 жылы іргесі қаланған «Балдәурен» балабақшасында бұған дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Алайда, меңгерушінің м.а Әлия Жапарованың сөзінше енді инвестор бұл жұмыстарды өз мойнына алмақ. Балабақша 320 орынға шақталған. Қазіргі таңда мұнда 10 қазақ тобы және 4 орыс тобы бар. Барлығы толық. Мұнымен қоса, жаңашылдықтар енгізілгеннен бері мұнда балақайларға арналған шахмат, каратэ үйірмелері ашылып, сөйлеу дағдысы дұрыс қалыптаспаған балалармен логопед маманы жұмыс істей бастаған. Ал, төлемақы мөлшері артқан. Бірақ штат және де балалар саны мүлде қысқартылмайды.

ӘЛИЯ ЖАПАРОВА, «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.:

- Өтемақы соншалықты өзгерген жоқ. Енді кішкене көбейді. Себебі, жылдың басында азық-түліктің бағасының көтерілуіне байланысты төлемақы көтерілді. 2ші кіші топтан бастап ересек топтарына дейін төлемақы 14 473 теңге. Ал, бірінші кіші топ 11 890 теңге. 1,00 Инвестор айтты біздің балабақшаға құйылып жатқан ақшаға тұздық шахта, монтессори ашылады, сонымен қатар осы күнге дейін жүргізіліп жатқан бассейн тағы да қосылып, жақсы жағынан жұмыстар жүргізіледі деп айтып жатыр.

«Ивушка» мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 13 топ болса, 3 мемлекеттік тілде. «Балдәурен» және «Ивушка» бөбекжайларына «Гранд Брокер» ЖШС инвестор болып келді. Қазіргі таңда серіктестік екі балабақшаның да жылыту жүйелерін жөндеді. Мұнымен қоса, жақында монтессори, тұзды шахта бөлмелерін сонымен қатар, жалпы екі ғимаратта да күрделі жөндеу жұмыстарың жүргізуге 20 млнға жуық теңге бөліп отыр.

ТАТЬЯНА БОРИСОВА, «ГРАНД БРОКЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Инвестор «Ивушка» балабақшасына 13,5 млн теңге, ал «Балдәуренге» 8 млн артық теңге бөлді. Мұнымен қоса қосымша қызметтер пайда болмақ. Мәселен, ата-аналар балалары спорттың немесе өнердің қай түрімен айналысқанын қаласа, соны өздері таңдап, төлем жасайды. Оған каратэ, ағылшын тілі, арт студия және шахмат кіреді. Штат бойынша қысқартулар болмайды. Қазақ топтары жабылмайды. Топтар мүмкін толық емес шығар, бірақ қазіргі кезде сайтта кезек ашық тұр. Қалаған ата-ана өз баласын біздің балабақшаға ертіп келе алады. кіші топтарда құны 13,500 теңге, ал жоғары топтарда 14,500 теңге болмақ.

Пилоттық жобаға сәйкес еліміз бойынша барлық облыста 3 балабақша сенімді басқаруға берілмек. «Ивушка» «Балдаурен», және «Ақбота» мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне инвестор таңдау тендер арқылы іске асырылған. «Есіл» аймақтық даму орталығының өкілдерінің мәлімдеуінше тендерді ұйымдастыру кезінде барлық тиісті талаптар сақталып, комиссия шешім қабылдаған. Бұл үш балабақша  кәсіпкерлерге 10 жылға берілді.

АЗАМАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ЕСІЛ» АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Заңнамаға сәйкес барлық конкурстық құжаттар облыстық білім басқармасына жіберілді. Кейін оларды тәуелсіз комиссия мүшелері қарап шықты. Нәтижесінде олар өздерінің оң бағасын берді. Конкурс 1 ай бойы өтті. Оған кез-келген жеке кәсіпкер қатыса алды. Осы уақыт аралығында барлық қатысушылар өздерінің қаржылық жағдайын, еңбек ресурстарын растайтын, берешегі жоқтығы жайында анықтамалар жинады. Егер де инвестор шартқа сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаса онда ол бірқатар айыппұлдарды өтеуі керек. Немесе шарт бұзылуы мүмкін.

«Ивушка», «Балдәурен» балабақшаларының инвесторы жөндеу және қосымша қызмет көрсету бойынша барлық шығындарды мойнына алмақ. «Ақбота» балабақшасы да дәл солай.  Қалалық білім бөлімінің мәліметінше қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелерге облыс орталығында 5 мыңнан астам бала кезекте тұр. Оның 80 пайызы 3 жастағы балақайлар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
13:03, 23 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...