ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШАҺАРДЫ АРАЛАДЫ

13:06, 11 қыркүйек 2019

«ENBEGI JANGAN ARYLAR»  атты республикалық форумға қатысу үшін еліміздің 6 өңірінен іскер әйелдер облыс орталығында бас қосты. Қонақтарды шаһармен таныстыру мақсатында бірқатар мәдени және әлеуметтік нысандарға саяхат жасалды.  Тілшіміздің бейнематериалы.

Ең алдымен іскер әйелдер «Радуга» ЖШСне барды. Ол нарықта жетекші орынға ие кәсіпорындардың бірі болып есептеледі. Бұл жерде меймандарға серіктестіктің қызметі туралы баяндалып, тез дайындалатын кеспені өндіретін цех көрсетілді. Одан кейін іскер әйелдер 20 ықшам ауданында орналасқан жаңа мешітке барды.  

Алла үйінде оларға экскурсия ұйымдастырылды. Ирина Фогель Павлодар облысының делегациясының құрамында келіп отыр.

ИРИНА ФОГЕЛЬ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біз "Радуга" ЖШС-де болып, ондағы азық-түлік, үй тұрмысына қажетті заттарды өндірЕТІН заманауи желілермен таныстық, мешіттен шығып мұнда кітапхана, сабақ оқитын арнайы бөлмелер, қазақ және орыс тілдерінде кітаптардың, барлық қажет заттардың барын көрдік.

Одан әрі қонақтар тарихи-өлкетану мұражайына, Абылай хан резиденциясына, спорт сарайына, әмбебап теннис орталығына барып, Петропавлдың басқа да көрікті жерлерін аралады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...