ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

ИТ – АДАМНЫҢ ДОСЫ

18:05, 13 қаңтар 2020

Петропавл қаласының тұрғыны  Роман Ширяев өз ауласында қаңғыбас жануарларға арнап тәлімбақ ашты. Қазір мұнда 200-ден аса ит бар. Роман оларды күнделікті тамақтандырады, қажет болса ем-дом жасайды. Бүгінде жануарларды асырауға қала тұрғындары да көмектеседі екен.

Роман Ширяев бұл ісін 2012 жылы бірнеше итті қарамағына алумен бастаған. Біртіндеп иттердің саны артып, оған тұрақты жұмысын тастауға тура келеді.  Қазір жануарларды күтуге оған отбасы мүшелері көмектеседі.  

РОМАН ШИРЯЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі таңда біз туралы көп адамдар біледі. Итке қатысты қандай да бір оқиға болса, мәселен, жол апаты, немесе атып кетсе - бірден бізге хабарласады. Біз сол жерге барып, жануарды осында әкелеміз. Қажетінше ем-дом жасаймыз. Өкінішке орай, ветеринарлық орталықтарда ешқандай  жеңілдіктер жоқ. Бірақ, қайырымды жандар баршылық, аз да болса үнемі көмек көресетеді.  Қарапайым, қала тұрғындары келіп, керек жарақтарды әкеліп отырады.

Тәлімбақта 200-ден аса ит бар. Барлығын күту үшін, қатаң тәртіп қажет, дейді Роман. Таң ата тамақтарын беріп, әр біреуінің жағдайын байқап шығады. Тағамдары ботқа , сүйек пен ет. Апта сайын дүкендерден сүйек-саяқтың 200 келісін сатып алады. Әр иттің аянышты тағдыры бар, біреуінен иесі бас тартып, далада қалдырса, енді бірі көлік астына түсіпті, арасында оқ тигендері де бар.  

ЖАНБОТА ЕСТАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Пуна атты мына итті былтыр көлік соғып кеткен, салдарынан аяғына ампутация жасаған екен. Енді Новосібір қаласында протез қоюды жоспарлап отыр. Протездің құның 70 мың руб.

Ал, мына итті осыдан үш жыл бұрын қыс басталғанда далада қалмасын деп иелері әкеліп, тастап кеткен екен.

РОМАН ШИРЯЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл ит өте ақылды. Бұрын біздің бақшамызда болған еді. Жүйектерді баспай, тек жолмен жүретін. Мінезі де бар. Бір нәрсе ұнамаған жағдайда, қауып алуы да мүмкін.

Еріктілер отбасының қамқорлығына тап болған жануарлардың жолы болғандай. Өйткені, Ширяевтер - оларға екінші өмір сыйлады.   Ендігі мақсаттары - аулаларын кеңейтіп, бұдан  үлкен үйшіктер салу.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
13:03, 23 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...