ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ»

20:36, 5 қараша 2019

2020 жыл мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығына сай «Волонтерлер жылы» деп жарияланған. Осыған орай елімізде «Ізгілік елшісі» жобасы қолға алынды. Бұл студенттерден құралған еріктілер тобы кіретін, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды волонтерлікке  тартуға көмектесетін жоба.

Мақсат - жастарды сыйластыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Яғни еріктілерді сыбайлас жемқорлықпен күреске тарту. Жоба Алматы қаласында бастау алды. Іс-шара еріктілер қозғалысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған. Жобаға басқа өңірлер қолдау көрсетіп жатыр.  Мамандардың айтуынша, жемқорлықсыз қоғам орнату үшін жастардың , олардың ішінде дәл осы еріктілердің үлесі зор болмақ.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «Ізгілік елшісі» жобасы біздің де өңірде жақсы қолдау табады деген үміттеміз. Бүгінгі таныстыру шарасына 60қа жуық өңір жасы қатысуға ниет білдіріпті. Бұл көрсеткіш тек облыс орталығы бойынша ғана. Аудандардан да қатысамын деген жастар өте көп. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау шараларын жүргізуде осы еріктілердің белсенділігі жоғары.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...