ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

17:53, 5 қыркүйек 2019

Облыстық ішкі саясат басқармасының  басшысы Әсем Рахметова «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. СҚО әкімі,  филиалдың төрағасы Құмар Ақсақалов Әсем Қалашбайқызын партия активіне таныстырды.

«Nur Otan» партиясы жергілікті филиалы төрағасының орынбасары болған Евгениы Глотов осы жылдың сәуір айынада  тағайындалған болатын. Ол біздің өңірде 5 жылға жуық түрлі лауазымдарда еңбек етті. Осы  уақыт  ішінде облысымыздың өркендеп-дамуына үлес қосқан Евгений Сергеевич өзінің әріптестеріне және өңір басшысына алғысын білдірді.

ЕВГЕНИЙ ГЛОТОВ:

- Маған қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге алғысымд білдіргім келеді. Мен шекаралас ынтымақтастық форумға қатыстым. Осы уақыт ішінде мен бірегей тәжірибе жинадым. Бұл менің жүрегімде мәңгіге қалады.

Евгений Глотовтың басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталық аппаратпен ақылдаса келе бұл лауазымға Әсем Рахметова лайықты деген шешім қабылдапты. Әсем Қалашбайқызы 1980 жылы Айыртау ауданында дүниеге келген. М.Қозыбаев ат. СҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қызметтік жолын облыстық телеарнада тілші болып бастап, кейін ҚР ҰҚК-нің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша жұмыс істеді. СҚО әкімінің баспасөз хатшсы болды. Соңғы жұмыс орны облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Евгений Сергеевич Глотов басқа лауазымдық қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.Орталық аппараттың келісуі бойынша облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Асем Рахметова тағайындалды. Асем Қалашбайқызын жақсы білесіздер. Көптен бері идеологияда жұмыс атқарып жатқан азамат. Үлкен сенім артамыз.

Құмар Ақсақалов Партия алдында үлкен әрі жауапты істер тұрғанын тағы бір мәрте еске салып, тамыз айында өткен  саяси кеңесте Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерді атап өтті. Ол негізінен партияның жұмысын қайта жаңғырту жағдайларын қарастыру , жең ұшынан жалғасқан жемқорлық індетімен күресуге жаңа тәсілдер қолдану қажеттігі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Дәл қазір біздің алдымызда Партияның жұмысын жүйелі жаңғырту бойынша нақты міндет тұр. Сол себепті осы маңызды іске дәл қазірден бастап дайындалуымыз керек. Атқарылған және жүзеге асыруды қажет ететін міндеттерді жүйелі талдаудан өткізуіміз керек. Партияның құрамында білімді, жігерлі, өз ойын ашық , сөзін нақты айта алатын білікті мамандар болуы кере.

Құмар Ақсақалов халықтың әл ауқатын көтеру үшін  бағытында  көп еңбектену керектігін ескертті.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда Елбасының және Мемлекет басшысының атынан Нур Отан партиясына үлкен міндеттер жүктелген. Оларды іске асыруға уәде беремін. Сіздің сенімінізді ақтауға тырысамын.

Салтанатты жиынға келген депутаттар ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БІРІНШІ орынбасарына жемісті еңбек тілеп, білікті маманның өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар