ШҰҒЫЛ! СУДЬЯЛАРДЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ Толығырақ

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

17:58, 7 ақпан 2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша былтыр Қызылжар ауданында қайта даярлау курстарынан 197 адам өткен. Солардың бірі, Бескөл ауылының тұрғыны Мария Акимова. Бұрынғы аспаз-кондитер бүгінде құрастырушы-темір ұстасы болып еңбек етеді. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалы.

Мария Акимова бұған дейін кондитерлік фабрикада еңбек еткен. Алайда, кейін декреттік демалысқа кетіп, бала күтімімен үйде отырған. Нәрестесі 3 жасқа толғасын, келіншек басқа жұмысқа ауысуды шешеді.

МАРИЯ АКИМОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Декреттік демалысымның аяқталуына санаулы күндер қалғанда басқа мамандықты игерсем бе деген ой келді. Дәл, сол кезде жұмыспен қамту орталығында қайта даярлау курсынан өтуге болатыны жайлы білдім. Барлық, тиісті құжаттарды жинап, орталыққа келдім. Құрастырушы – темір ұстасы мамандығын меңгеріп «Радуга» серіктестігіне жұмысқа орналасуға болатынын білдім.Қазіргі таңда осы кәсіпорында еңбек етіп жатырмын.

Мария кәсіпорында күніне 100ге жуық бұйым құрастырады. Ол 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демалады. Еңбекақысы да жақсы.

ЮРИЙ МИХАЙЛОВ, ЦЕХ БАСШЫСЫ:

- Менің цехымда қайта даярлау курсынан өткен 30 адам жұмыс істейді. Солардың бірі, Мария. Ол өте ұқыпты, жауапты қызметкер. Жарты жылдың ішінде оған қатысты ешқандай ескертуім болған жоқ.

Мария секілді қайта даярлау курсынан өту үшін жеке куәлік көшірмесі, ауруханадан анықтама, білімі туралы құжат және мекенжай анықтамасы секілді құжаттарды жинап жұмыспен қамту орталығына баруға болады.

АҚБОТА ШАЙКИНА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ:

- Былтыр аудан бойынша 197 адам қайта даярлау курсынан өтті. Халық арасында көбіне шашатараз, сырлаушы, темір ұстасы, тігінші секілді мамандықтар сұранысқа ие. Әр адамға 20мың теңге көлемінде шәкіртақы да төленеді.

Қайта даярлаудан өткен 197 адамның ішінде 163-і бүгінде жұмысқа орналасты. Ал. 2020 жылы ауданда 70 адамды оқыту жоспарланған.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...