ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЙТА ОҚУДАН ӨТКЕНДЕРДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖҰМЫС ТАПТЫ

20:40, 15 қыркүйек 2020

Петропавл ауыр машина жасау зауытының оқу орталығы жұмысшыларды қысқа мерзімді оқу курстарынан өткізеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл мұнда 16 адам дәнекерлеуші мамандығы бойынша қайта оқудан өтуде. Белгілі бір себептермен жұмыссыз қалған бұл азаматтар, нарықта сұранысқа ие жұмысшы мамандығын тегін меңгеріп, кейін тұрақты жұмыспен  табуға мүмкіндік алды.  

Асқар Семізбаев  пандемия кезінде жұмысынан айырылды. Жұмыспен қамту орталығына тіркеліп,  «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайта оқуға жолдама алды. Қазір дәнекерлеуші мамандығын меңгеріп жатыр. «Основание» серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өтісімен емтихан тапсырады.

АСҚАР СЕМІЗБАЕВ, ҚАЙТА ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ:

- Оқуға түсіп жатырмын.  – мүмкін осы кәсіпорында жұмысқа қаламын.

«Петропавл ауыр машина жасау зауытының» жанынан құрылған оқыту орталығы жергілікті кәсіпкерлер палатасымен, жұмыспен қамту басқармасымен бірге жұмыс істейді. Екі жылдың ішінде жұмыссыз жүрген азаматтарды үшінші рет нарықта сұранысқа ие мамандыққа оқытып шығармақ.

ВЛАДИМИР КОЛЕСНИКОВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС АҒА ШЕБЕРІ:

- Қазір жұмыс көп. Өндіріс аумағын кеңейттік.  Қалада бір мезетте бірнеше нысанды тұрғызамыз. Жұмысшылар жетіспейді. Қазір оқыту орталығынан 7 адам тәжірибеден өтуде. Араларында  икемді жігіттер бар. Осында қалып жұмыс істесе жақсы болар еді.   

3 айға жалғасқан оқыту курсы барысында  тыңдаушылар  шәкіртақы алып, медициналық сақтандыруға, және тағы басқа әлеуметтік қолдауларға ие болады. Курстан өтушілердің жасы мен мамандықтары әр түрлі.   

ТАТЬЯНА ЧЕПУХИНА, «ПАМЖЗ» АҚ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Өндірістік тәжірибе оқыту бағдарламасының 60 процентін құрайды. Тәжірибелі мамандар  курстан өтушілердің жұмысын қадағалап, ақыл кеңестерін береді. Биыл дәнекерлеуші мамандығын 16 адам меңгеріп жатыр. Олар «Основание» және «Единстово» серіктестіктерінде  тәжірибеден өтуде. 

Өткен жылы оқыту орталығы дәнекерлеушілерден басқа, бағдарламалық басқару машиналарының операторларын, фрезершілерді, сырлаушыларды даярлаған. Сертификатқа ие болған 100-ге жуық маманның 68 проценті кәсіпорындарға жұмысқа орналасты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
17:18, 30 қыркүйек 2020
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ТАЙЫНША  АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
17:15, 30 қыркүйек 2020
ТАЙЫНША АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
13:05, 30 қыркүйек 2020
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...