ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ҚАЙЫҢ ҚҰРЫП БАРАДЫ

13:10, 18 қазан 2019

Облыста 14 мың гектар қайыңды орман шіріп кетті.  Соңғы жылдары еріген қар суы мен жаздағы жаңбырдың салдарынан ормандарың іші көлге айналған. Ал орман шаруашылығы мамандарының ағаш ішін құрғататын және қураған ағашты шығаратын  техникасы жоқ. Осының салдарынан отынға да кесіп ала алмай,  қиындық туған. 

Бұл мүк Тайгада емес, Қызылжардың орманында өсіп жатыр. Тек, қайың ағашы қылқан жапырақтылар секілді мықты емес, су басса тез шіриді.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана жайқалып тұрған мына орман қазір аянышты күйге түскен. Еріген қар суы мен жаңбырдың кесірінен ағаштың тамыры шіріп, құрып кеткен. Мысалға мына ағаш жайқалып 10 жылдай өсіп тұрған екен. Қазір шіріп, қурап қалған. Өздеріңіз көріп тұрғандай сындыруға аса алып күш те қажет емес.

Қайың ағаш негізінен ойпат жерде өседі. Сондықтан орман ішіндегі су кеппей, ұзақ жатады. Салдарынан ағаштың тамырына оттегі бармай, шіріп кетеді дейді мамандар.

ҚАЙРОЛЛА  БАЙТЕҢІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Осындай жағдай 10 жылда бір рет болады. Көлдер көтеріледі, су көтеріледі. Осының салдарынан ормандардың арасына су тұрып ағаш шіриді. Біз  мұндай ағаштарды делянға шығарамыз. Халық алып жатыр. Бірақ мынандай ағаштарға тиіспейміз. Қауіпті олар. 

Ең өкініштісі шіріген ағаштың қызуы да болмайды. Сондықтан отынға пайдаланылмайды.

ГЕННАДИЙ БЕГИШЕВ, ОРМАНШЫ:

- Ағаш бүкіл қасиетінен айырылған. Шіріп кеткен, үгітіліп жатыр. Саңырауқұлақ өсіп кеткен. Қалпына келтіру үшін еш шара қолдана алмайсың. Кесіп алу да қауіпті, су басқан орманға техника кіре алмайды. Тек 10 шақты жылдан кейін ғана бұл жер құрғап, жаңа өскіндер шығады.

Жалпы теріскейдегі орманды алқаптардың көлемі 550 мың гектардан асады. Осыған дейін тек 4-5 мың гектар алқапта ғана ағаш шірісе, биыл 14 мыңға жеткен. Орманшылардың қолынан келетіні- қурай бастаған ағаштарды мүлдем шіріп кетпей тұрған кезде отап, отынға жұмсау.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН  АУЫЛ ӘКІМІ
17:58, 18 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН АУЫЛ ӘКІМІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
13:10, 18 қараша 2019
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...