ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІС

17:55, 9 тамыз 2018

Тағдырдың  жазуымен  төрт баласын жалғыз тәрбиелеп отырған  Петропавл қаласының тұрғыны Манап Серікбаевқа  несиеге рәсімдеген  пәтерін сақтап қалуға қайырымды жандар  көмектесті.  Игі  іске  еліміздің түкпір-түкпірінде көмекке мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген қор мұрындық болды.    

Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды. Бауыр еті балаларының бақыты үшін барын салып жүрген Манаптың мысалы көпке үлгі.   Бүлдіршіндеріне бас көз болған жалғызбасты әке қазір үйге жіпсіз байланған.  Күн ұзаққа тастап кете алмайды. Сондықтан аула тазалап, ақша табудан арланбаймын дейді.

 МАНАП СЕРІКБАЕВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

- Басқа жұмысқа кіріп кетсем балаларды кәм қарайды қазір? Мына жұмыс әйтеуір үйдің маңайы болған соң, құдайға шүкір деп, екі қолға бір күрек ұстап, азын аулақ болса да ақшасын төлейді.

Жыл басында арнамызға хабарласқан жалғыз басты әкеге  мәселе бағдарламасының ұжымы бей-жай қарай алмады.  Алғашқы қадам балалардың көңілін аулап, еліміздегі ойын-сауық орталықтарына саяхат жасаудан басталды.

Манап Серікбаевтың  төрт баласын  өзі жалғыз бағып қағып отырғанына екі жылдан асты. Жан жары жаман індеттен көз жұмғанға дейін тағдырдың тауқыметін  тартамын деп мүлде ойламаған. Айдын күннің аманында аналарынан айырылған балаларды  бағу  үшін жұмысынан бас тартқан.

 МАНАП СЕРІКБАЕВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  

- Күн түні жұмыста болдым ғой, балаларға қарайтын уақыт та болған жоқ шынын айтса, учасковый болып істегенде 12 дейін істейсің, сосын келіншегім қайтқанда басыма түсіп жатыр, басыңа түссе көтереді екенсің шынын айтқанда оңай емес.

Балалардың үлкені Лира бесінші сыныпқа барады. Қазір әкесіне қолғабыс етіп, үй шаруаларын өзі тындыруға тырасыды. Қаршадай қыз кішкентайлардың сабақтарын қадағалап отыруды да өз жауапкершілігіне алған.

ЛИРА СЕРІКБАЕВА  МАНАП СЕРІКБАВТЫҢ ҚЫЗЫ

- Көмектесеміз, өйткені папамызға ауыр болады барлығын істей алмайды.. жұмыс, тамақ бергеннен кейін ыдысты жуамыз дұрыс,  сосын шәй ішіп аламыз қантпен) өзімізді өзіміз еркелетеміз, папа еркелетеді.

Серікбаевтар отбасы бұл пәтерді бірнеше жыл бұрын несиеге рәсімдеген. Алайда жұмысынан айырылған жалғыз ілікті жан несиені төлей алмай қиналыпты. Қарызды  өтей алмаған соң банк пәтерді қайтарып аламыз деп шүйліккен. Алайда, қайырымды жандардың арқасында сабақты ине сәтімен шығып,  пәтерді   біржола сатып әперді.

Пәтердің кілтін «қарекет» қайырымдылық қоры өкілдері мен ҚР Мұсылмандар діни басқармасы Петропавл орталық мешітінің мамандары  табыс  етті. Қала тұрғындары атынан шашу шаша келген ақ жаулықты аналар батасын беріп,  қайырымды жандарға алғысын жаудырды.

 

АЛҒАДАЙ  ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ «ХАРЕКЕТ»ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жетім-жесір жүрген әпке қарындастырымыздың баспаналы болуына тілекші болған қазақ, ақыретіне сауап жолдағысы келген қазақ айына мың теңге ортақ шотқа ақша тастап қойса болды , көп түкірсе көл деп сол ақшадан баспана аламыз деп ниет қылған едік сол сол жоспар құдайға шүкір жүзеге асып, бүгін міне 19 щы үйді алып отырмыз.

Ашылғанына бір жылға жақындағын аталмыш қор еліміздің түкпір-түкпірінде көмекке мұқтаж жандарға көмектесіп келеді. Бұл жұмыстардың басты қозғаушы күші жақсылыққа жұмылған жұртшылық әрине.

 МАДИЯР СЕРІКБАЕВ «ХАРАКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҮШЕС

- Бүкіл ел болып атсалысып жатыр қазіргі күнде, әрқайсысы әйтеуір қалтасынан мың теңге шығарады. Қарап отырсаңыз бұл қазақтың жылу деген дәстүрін қайта жаңғыртуымыз. Елдің бірлігі халықтың бірлігі жатыр мұнда.

Қалтаңыздағы мың теңгені қиып,  көмекке зәру жандарға баспана сыйлағыңыз келсе «Харекет» қайырымдылық қорының экранда көрсетілген шотына аудару жеткілікті. Немесе   87765002029 нөмеріне кивиәмиян қызметі арқылы жолдауға болады. Мұнда  әр бір азаматтың  қадамы маңызды. Сауапты іске сеп болып, қайырымдылықтан қалыс қалмайық ағайын.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
13:35, 14 тамыз 2018
ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН  45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
13:30, 14 тамыз 2018
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар