ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚАЛА ГҮЛДЕНУДЕ

20:37, 7 тамыз 2020

Биыл Петропавлда жыл соңына дейін 6 саябақ пайда болады. Заманауи үлгіде салынып жатқан демалыс орындары шаһардың бірнеше шағын ауданында бой көтеріп жатыр. Соның бірінде әріптесім Нұрбол Балғабеков болып, атқарылып жатқан жұмыстың барысын көрді.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Бұл - Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданы. Биыл мұндағы Потанин көшесі толық аббаттандырылып жатыр. Бүгінгі күні бұл жерде қайың, шетен сынды ағаштар егілген. Сондай-ақ 150-ден астам ескі үй тегін жөнделуде. Атап айтар болсақ, үйдің сырты қапталып, қоршаулар орнатылуда.

Биыл тұрғындардың өтініші ескеріліп, Потанин көшесінде жаңа саябақ пайда болады. Жалпы бұл көше ескі славян стилінде безендіріліп жатыр. Яғни, мамандар ескі үйлердің  келбетін сақтап қалмақшы. Тіпті, мұнда өткен ғасырлардан сыр шертетін  шамдар да орнатылуда. Сондай-ақ, Потанин көшесінде аумақта ашық аспан астында музей болады. Барлық жұмыстар демеушілік қаражат есебінен жүргізіліп жатыр.

АСЫЛБЕК БАҒАНОВ, «SHATYR GROUP KZ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

«Жер үйді жөндемес бұрын, тұрғындармен кездесіп, алдын-ала келісіп алдық. Бүгінгі күні жұмыстың 60%-і орындалды. Тұрғындардың 95%-і дән риза.»

Осылайша қаланың кіреберісі ажарланбақ. Бүгінгі күнге дейін 50-ден астам ескі үйдің сырты қапталып, қоршалған. Мұнымен қоса, көшеттер егіліпті.

АМАРА ГАЙСИНА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- «Шілдеде отырғызылған көшеттер тамыр жайды. Олар солып қалмау үшін қажетті жұмыстарды жүргіздік. Нәтижесінде ешқайсысы сарғайып, қурап қалған жоқ. Бұл -жақсы тәжірибе болды. Сондай-ақ, біз жер үйдің қасбетін блок-хаус және стоун-хаус материалдарынан жасап жатырмыз.»

Жалпы, биыл облыс орталығында 6 жаңа саябақ пайда болады. Демалыс орындары ерекше дизайнмен безендірілуде. Сәтін салса, барлық жұмыс қыркүйек-қазан айларында аяқталмақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...