ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҚАЛА ЖАҒАЖАЙЛАРЫН АБАТТАНДЫРУҒА 15 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

20:47, 20 мамыр 2020

Өңірде шомылу маусымының ашылуына санаулы күндер қалды. Осыған орай қала маңындағы жағажайларды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.  Әдетте Алакөл мен қалалық өзен портының жағажайына келетін адамадардың қатары қалың болады. Сондықан, биыл киініп-шешінуге арналған кабиналар, шатырлар көптеп орнатылмақ. Тапталған қара жерге  жұмсақ құм төселуде.

Биыл қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны Алакөл жағажайына 100 текше метр құм төселмек. Материал облыс аудандарынан жеткізіледі. Сондай-ақ, демалушыларға ыңғайлы болуы үшін 30-ға жуық шатыр орнату көзделген. 12 орындық қайта қалпына келтіріліп, гүлдер отырғызылады. 20-ға жуық жатақ пайда болады. Бастысы, көлдің түбі тазартылмақ.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Киініп-шешінетін 2 кабина, жуынатын орын,  5 қоқыс жәшігі пайда болады.  Волейбол мен футбол алаңдары үшін арнайы торларды жаңартамыз.

Қалалық өзен порты жағажайы да назарсыз қалмайды. Медициналық пункт, әкімшілік және құтқарушылар отыратын уақытша орындар пайда болады. Тұрмыстық қатты қалдыққа арналған контейнерлер, шолу мұнарасы қалпына келтіріледі.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Балалар бассейнін, жарықтандыруды  қалпына келтіреміз. Жуыну кабинкалары мен демалуға келген қала тұрғындары үшін орындықтар жаңартылады.

Абаттандыру жұмыстарымен «Рич норд Номад» ЖШС айналысып жатыр. Жасалып жатқан жұмыстар шомылу маусымының ашылуына дейін аяқталады деп жоспарланған.  Бұл іске 15 млн-ға жуық теңге жұмсалмақ..

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:49, 4 маусым 2020
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар