ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛАҒА АҒАШ СЫЙЛА

21:04, 14 мамыр 2019

«Қалаға ағаш сыйла». Осындай атаумен Петропавлда жаңа науқан басталды.  Іс-шара қаланың мектеп түлектері арасында ұйымдастырылмақ. Алғашқылардың бірі болып Петропавлдағы нөмір 4-ші орта мектептің оқушылары көшелерге көшеттер отырғызды. Мақсат – шаһарды  жасыл желекке бөлеу.

Айгерім Алпысбай Петропавл қаласының нөмір 4-ші орта мектебінің 11-ші сынып оқушысы. Білім ордасынан түлеп ұшқасын қыз Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің тарих факультетіне оқуға түспек. Бойжеткеннің айтуынша мұндай акция қала көшелеріне көрік береді, әрі экологияны жақсартуға да  пайдасы бар.

ӘЙГЕРІМ АЛПЫСБАЙ,  ПЕТРОПАВЛДАҒЫ №4 ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Біз жақсы әсерде болдық. Менің ойымша ағаш отырғызу қаланың гүлденуіне ғана емес, адам денсаулығына да көмек береді деп ойлаймын.

Ұстаздар қауымының айтуынша бұл науқанның тәрбиелік маңызы өте зор. Жастар табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамға пайдалы іс жасауға үйренеді.

ҒАФУРА БӨСТЕКОВА, ПЕТРОПАВЛДАҒЫ №4 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні біздің оқушылар, жас түлектер қалада өткізіліп жатқан акцияға қатысып отыр. Бүгін ағаш отырғызылды. Бұл ағашты өздері отырғызды, ертең бойжеткенде өскенде келіп осы қалаға, отырғызған ағаштарын көріп, балаларына көрсетеді деп ойлаймын.

Жалпы бұл акцияға шаһар бойынша 800-ден аса түлек қатысады. Емен, қарағай, шырша, шетен секілді барлық жасыл желектер Кондратов орман тәлімбақтан жеткізілуде.Осы жолы 4-ші орта мектпетің 16 түлегі Уәлиханов көшесіне тал екті.

Диана ЕСІМ

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
15:23, 22 мамыр 2019
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
15:07, 21 мамыр 2019
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...