ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

17:50, 8 тамыз 2018

Петропавлда қалалық қоғамдық кеңестің  кезекті отырысы өтті. Онда  үш мәселе  қарастырылды. Ол  - шаһарда  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қала аумағындағы 4 ауылды облыс орталығына  қосу және елді шулатқан қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жою. Үш сұрақ бойынша да баяндамашылар тыңдалып, кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтты.

Петропавл қаласы бойынша биыл бірінші жарты жылдықта 2 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Оның 53 пайызы электронды түрде ұсынылған.  Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс істеу барысы да арнайы мониторингтан өткен. Ол үшін үкіметтік емес ұйымдар сауалнама жүргізіпті.  Нәтижесінде Петропавл қалалық әкімдігі жалпы қызмет көрсету сапасы бойынша  барлық әкімдіктер арасында 4-ші орында тұр. Ал мамандардың қызмет көрсету кәсібилігі мен  біліктілігі бойынша соңғы орында.  Бұл мәліметтерді айтқан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сқо бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, көбіне тұрғын үй коммуналдық  шаруашылығы, білім беру, және жұмыспен қамту орталықтарының мамандарына шағым көп түседі деп отыр.

БОЛАТ ЕҢСЕГЕНОВ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ   ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары мемлекеттік қызметті көрсетуден еш себепсіз бас тартқан. Азамат құжаттарын түгендеп апарғанымен, қызметкерлер жазбаша, сізге қызметтің бұл түрі көрсетлімейді деп жауап берген. Нақты түсініктеме берілмепті.

Кеңес мүшелері көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін арттырып қана қоймай оның сапалы түрде көрсетілуіне көп көңіл бөлу керек дейді. Ол үшін алдамыне мамандар білікті болған жөн. Екінші қаралған мәселе -  шаһар аумағында орналасқан  Новопавловка, Куйбышев, Тепловское және 2629-аялдама пунктін Петропавлға қосу. Олар осыған дейін село мәртебесінде болғанымен ауыл ретінде еш жеңілдікке ие болмапты. Қоғамдық кеңес мүшелері   оны құп алды.  Үшінші сұрақ қаңғыған ит-мысықтардың көзін жою. Бұл мәселе соңғы кездері қала тұрғындары арасында қайта қайта көтеріліп, шу тудыруда.

АРМАН КЕМБАЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А

- Қаңғыған ит-мысықтарды  аулау үш бағытпен жүргізіледі. Біріншіден,   кезекші инженерлер қаланың орталық көшелері мен базарларда әрдайым бақылау жүргізеді. Екіншісі,     қала шетіндегі аудандарды аралау. Үшіншісі,  тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу. Бүгінде азаматтардан 211 қоңырау келіп түсті. 

Иесіз жүрген ит-мысықтарды аулау үшін Петропавл бойынша 12 млн теңге бөлінген, оның 7 млн теңгесі игерілген. Айтар бослақ, алғашқы 7 айдың ішінде екі мыңға жуық иесіз жүрген жануардың көзі жойылған. Оның 19ы мысық, қалғаны ит. Мамандар оларды алдымен дәрімен ұйықтатып, кейін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында арнайы пеште жағамыз дейді. Одан басқа амал жоқ.

ГҮЛНӘР САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
13:35, 14 тамыз 2018
ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН  45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
13:30, 14 тамыз 2018
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар