ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:40, 19 маусым 2018

Петропавл қаласының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінгі күні 11 мыңнан астам жасөспірім үшін мектепке дейінгі мекемелерде орын жоқ. Сонымен қатар,  50-ден асқан әйелдер болса жұмысқа шыққылары келмейді. Сюжетті көрейік.

Қоғамдық кеңестік кезекті отырысында 4 негізгі мәселе қарастырылды. «Жұмыспен қамту 2020»бағдарламасы жиналғандардың қызу талқысына түсті. Бағдарлама бойынша,  кез келген адам 16 мамандық бойынша тегін курстардан өте алады. Оқу барысында студенттер үшін шәкіртақы қарастырылған.Оған қоса, оқуын тәмамдағандарды  жұмыспен  қамту жайы қарастырылады. Бөлім жетекшісінің баяндамасын тыңдаған кеңес мүшелері, бос орындар сұранысын ескере отырып, мамандықтар тізімін қайта қарауды ұсынды.

ГҮЛМИРА ЖӘКЕНҚЫЗЫ,  ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бағдарламаны жүзеге асыру үшін үш негізгі бағыт қарастырылған. Біріншісі - талап етілетін мамандықтар бойынша оқыту, екіншісі –жаппай  кәсіпкерлікке жағдай жасау және шағын несие  беру  аясын кеңейту. Үшіншіден, жұмысқа орналасуға көмектесетін еңбек институттарының дамыту қажет. Өткен жылы және  бүгінгі күнге дейін бағдарламаға 6457 адам қатысты.

Жұмыссыз азамат пен азаматшалардың мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Спикердің айтуы бойынша, 1960-63 жылдары туған әйелдер жұмыстан  бас тартады. Оның басты  себебі - олар немере тәрбиесімен айналысады. Бұл облыс орталығында балабақшалардың  жетіспеушілігін білдіреді. Бүгінгі күні 10689 бүлдіршін үшін мектепке дейінгі мекемелерде орын жоқ. Сонымен қатар, ата-ана төлемақысының мәселесі талқыланды. Дегенмен, жиналғандар бір ортақ шешімге келе алмады. Өйткені баяндамашының ұсынған ақпараты жеткіліксіз болып шықты.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Петропавлда 57 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның ішінде мемлекеттік балабақшалар - 28, жекеменшік балабақшалар 15. Мектептерде кешке дейін дейін жұмыс  істейтін 12 шағын орталық бар,  балаларды жарты күнге қабылдайтыны 1-еу ғана. Оқушылардың жалпы саны 8927-ге жетіп отыр

Содан кейін «2018 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігі бойынша  жоспарды іске асыру туралы» баяндама тыңдалды. Қаржы бөлімінің жетекшісі  қала қазынасына қаражат белгіленген  көлемде түсіп жатқанын және  алаңдауға  негіз  жоқ екендігін жеткізді. 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫНЫ
17:51, 20 қыркүйек 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...